Жалпы тарих кафедрасы
-
-
Білім беру бағдарламалары
- Колледж
-
Бакалавриат
- Педагогика және психология факультеті
- Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
-
Физика-математика факультеті
- 6В01501 — Математика
- 6В01502 — Математика — Физика
- 6В01503 — Математика — Информатика
- 6В01504 — Физика
- 6В01505 — Физика — Информатика
- 6В01506 — Информатика
- 6В01513 — Физика — Электроника
- 6В01514 — Информатика және робототехника
- 6В06101 — Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау
- 6В06102 — Ақпараттық жүйелер
- Әлеуметтік-гуманитарлық факультет
- Өнер және мәдениет факультеті
- Жаратылыстану факультеті
- Магистратура
- Докторантура
- Факультеттер
- Қашықтан оқыту
- Оқытушылар
- Білімгерлерді қолдау орталығы
- Оқу-әдістемелік бірлестік
- Үйлестіру кеңесі
- Мансап және жұмысқа орналастыру
Білім беру
-
Білім беру бағдарламалары
- Колледж
-
Бакалавриат
- Педагогика және психология факультеті
- Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
-
Физика-математика факультеті
- 6В01501 — Математика
- 6В01502 — Математика — Физика
- 6В01503 — Математика — Информатика
- 6В01504 — Физика
- 6В01505 — Физика — Информатика
- 6В01506 — Информатика
- 6В01513 — Физика — Электроника
- 6В01514 — Информатика және робототехника
- 6В06101 — Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау
- 6В06102 — Ақпараттық жүйелер
- Әлеуметтік-гуманитарлық факультет
- Өнер және мәдениет факультеті
- Жаратылыстану факультеті
- Магистратура
- Докторантура
- Факультеттер
- Қашықтан оқыту
- Оқытушылар
- Білімгерлерді қолдау орталығы
- Оқу-әдістемелік бірлестік
- Үйлестіру кеңесі
- Мансап және жұмысқа орналастыру
-
Білім беру бағдарламалары
-
«Тарих» кафедрасы туралы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі «Тарих» кафедрасы университеттің іргетасы қаланғаннан бері жұмыс істейді. Ал 2001 жылы 18 қыркүйектен бастап «Тарих» кафедрасы болып аталады. Тарих кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор м.а., Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, «Үздік оқытушы» грантының иегері Қожакеева Ляззат Темірбекқызы.
«Тарих» кафедрасындағы мамандықтар білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. 2018-2019 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамының штат саны – 17 адамды құрап, оның ішінде ғылыми дәрежесі мен атағы барлар саны– 11 (64,7%). Кафедрада тарих ғылымдарының докторы – 2, тарих ғылымдарының кандидаты – 9, PhD докторы – 1, ғылым магистрлері – 5 қызмет атқарады. Ғылым дәрежесі мен атағы бар ПОҚ-ның орта жасы – 42 жас.
Қазіргі уақытта Тарих кафедрасының ғылыми-оқытушылық құрамы 17 адамнан тұрады. Олар – т.ғ.д., профессор м.а., Л.Т. Қожакеева, т.ғ.д., профессор А.Ш.Алтаев, т.ғ.к., доцент Ж.Б. Аширбекова, т.ғ.к., доцент Р.Т. Айтбай, доцент Р.Т. Құсаинова, т.ғ.к., доцент А.М. Сманова, т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Жылқышыбаева., т.ғ.к., доцент Д.С. Бурханова, т.ғ.к., аға оқытушы Ж.К. Ахметова., т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов., т.ғ.к., аға оқытушы Б.М. Тақабаева., PhD доктор, аға оқытушы А.М. Әбікей., аға оқытушы Л.А. Бисембаева., аға оқытушы Г.О. Чаргынова, аға оқытушы М.А. Қасымбекова., аға оқытушы Г.Е. Бакаева, оқытушы М.И. Амандосова.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы
Бакалавриатты жақсы бітірушілерге магистратурада оқуға барлық жағдайлар жасалған. Бұл мамандықтары бойынша халықаралық стандарттар талабына жауап бере алатын жоғары білікті мамандар даярлайды. Кафедра оқытушылары халықаралық жəне республикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Кафедра жанында бакалаврлар, магистранттар жəне PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының, теориялық жəне практикалық дайындықтарының барлық қырларын қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы талаптар мен қағидаттарға сай «Академик К.Н. Нұрпейіс атындағы» дәрісхана жұмыс істейді. Кафедра алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жаңа технологиялар мен оқытудың белсенді түрлерін қолдану болып табылады. Кафедра оқытушылары оқу үдерісі кезінде студенттердің білім деңгейін тексеру мақсатында жаңа әдістер қолданады, өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алынған ғылыми нәтижелерін оқу үдерісінде белсенді түрде пайдаланады.
Кафедра оқытушылары Қазақстан тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Грек және Рим тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы, әлемдік діндер тарихы, антикалық және орта ғасырлар кезеңіндегі саяси ағымдар тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, халықаралық қатынастар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы секілді пәндер бойынша дәрістер өтеді. Соңғы жылдары – тарих ғылымындағы қазіргі пәнаралық зерттеулер, әлемдік өркениеттер тарихы, Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы, тарих ғылымындағы теориялық методологиялық мәселелер сияқты жаңа таңдау курстары енгізілді. Студенттік алмасу және академиялық мобильділік бағдарламаларының аясында кафедра студенттері мен магистранттары, докторанттары шет елдік университеттерге тағылымдамаға жіберіліп отырады.
Мәселен, қазіргі таңда кафедраның аға оқытушысы А.М. Қоңырова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде PhD доктарантурада мақсатты білім беру бағдарламасы бойынша, оқытушы А.Е. Абдиханова Туркия Республикасының Конья қаласындағы Селжұқ университетінде PhD доктарантурасында оқып жатыр.
Осы оқу жылында «Тарих» кафедрасы 6В01602 – Тарих-Дінтану мамандығы бойынша мамандық ашу мақсатында құжаттар рәсімделіп, жіберілді.
7М01506 -Тарих мамандығы бойынша магистратура, 8D01506-Тарих мамандығы бойынша PhD доктарантура ашу мақсатында құжаттар даярланып жатыр.
Кафедрада студенттерді оқу үдерісіне қолданатын оқулық, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. 2-оқулық, 10-оқу құралдары, 2- электронды оқу құралдары шығарылған.
Дуальдік білім беру бағдарламасы бойынша мектептермен тығыз байланыста. Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназияға студенттерді педагогикалық және өндірістік практикаға барады
Сондай-ақ кафедраның т.ғ.к., аға оқытушы Б.Т. Жұбанышов «Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ-ға дайындау әдістері» атты біліктілікті көтеру курстарын мектеп-колледж мұғалімдеріне ұйымдастырылып өткізеді.
Студенттердің тарихқа деген қызығушылығын арттыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында кафедра жанынан «Жас тарихшы» үйірмесі ашылған. Бұл үйірме «Жастар және тарихқа жаңа көзқарас» деген тақырып аясында жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, студенттердің оқу бағдарламасындағы пәндер бойынша білімін тереңдету үшін басқа оқу орындарынан және Ғылым Ордасынан ғылыми қызметкерлер мен профессорлар дәріс оқуға шақыртылады.
Кафедра жетістіктері
Кафедраның профессор-оқытушылары жыл сайын Мимар-Синан атындағы Түркия университеті (Стамбул), Ресей Ұлттық ғылыми академиясының «Этнология және антропология» институтымен, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан мемлекеттік университеті және басқа да алыс-жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыс жасап тәжірибе алмасуда.
Кафедраның оқытушылары т.ғ.к., доцент А.М. Сманова мен т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры А.И. Исаева Түркия Республикасының Анкара қаласындағы «Etimesgut» Халықаралық тарихшылар симпозиумына барып баяндама жасады (сәуір 2018 жыл)