Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

    • Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

      Біздің университет қауіпсіздік шараларына, өрт қауіпсіздігі, сейсмикалық қауіпсіздік және тіршілік әрекетінің қауіпсіз шараларына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға ерекше көңіл бөледі.

      Университетте қауіпсіздік қызметі бөлімі бар. Ол штатта қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі инженер және ЕҚ), азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер (АҚ және ТЖ) бар.

      Университетте қатаң рұқсаттама режимі жүзеге асырылады. Барлық оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың электрондық рұқсаттама карталары (СКУД) бар. Онда: Т.А. Ә., лауазымы мен фотосуреті көрсетіледі, бұл жүйе карта иесінің келуін және кетуін тіркеуге мүмкіндік береді. Барлық оқу корпустарында күзет ұйымының қызметкерлері тәулік бойы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Жатақханаларда, сондай-ақ тәулік бойы вахтерлер кезекшілік етеді. Олар жергілікті жерлерде өткізу режимін бақылайды, сағат 22.00-ден кейін жатақханаға кіруге және шығуға тыйым салынады. Барлық оқу корпустарында, аудиторияларда, өту және жатақхана дәліздерінде бейнекамералар орнатылған. Автокөліктердің университет аумағына кіруі шектелген.

      Университет пен жатақханалардың барлық бөлмелері өртке қарсы қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген. Яғни өрт дабылы, өрт сөндіру крандары мен өрт сөндіргіштер орнатылған, дыбыстық құлақтандырғыштар мен эвакуациялық шығу жолдары бар. Барлық қызметкерлер Қ және ЕҚ, АҚ және ТЖ бойынша нұсқамадан өтті.

      Университетте медициналық пункт орналасқан. Онда күн сайын медицина қызметкерлері ЖОО аумағында және үй-жайларындағы (оның ішінде карантинге байланысты) жағдайға күн сайын мониторинг жүргізеді. Университетте жүзу бассейні орналасқан, онда жүзу бойынша жаттықтырушы-нұсқаушылар және медбикелер жұмыс істейді. Жоспарланған кестеге сәйкес барлық үй-жайларда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі. Университетте кір жуу бөлмесі жұмыс істейді.

      Жыл сайын университет білім алушылары мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жобалар іске асырылады. Алғашқы өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын қолдануды көрсете отырып, қызметкерлер мен білім алушылардың барынша көп санын тарта отырып, өртке қарсы және сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Қ және ЕҚ, АҚ және ТЖ бойынша нұсқаулықтар әзірленді. Онда өрт, улы газбен улану, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық егжей-тегжейлі сипатталған.

      ТЖ алдын алу мақсатында білім алушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз өмір сүру шараларына оқытуды және білімді насихаттауды қамтитын профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Бұл ретте адамның қауіпсіздік мәдениеті өмір бойы қалыптасуы тиіс. Бұған отбасы, оқу орындары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсенді қатысуы тиіс.