Психологиялық кеңес беру орталығы
-
Университеттегі өмір
-
Психологиялық консультация орталығының (ПКО) қызметкерлері Университеттің студенттеріне, оның ішінде Дайындық мектебінің, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының студенттеріне психологиялық денсаулықты нығайту бойынша психологиялық және консультациялық көмек көрсетеді. Біздің психологтар студенттердің денсаулығына, оқушылардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін, қиындықтарын және проблемаларын, мінез-құлығында және дамуда ауытқуы бар балалармен жұмыс, әлеуметтік ортаға бейімделуді анықтау, әлеуметтік, педагогикалық көмекті және қолдауды қажет ететін оқушыларға уақытылы көмек көрсету, көңіл-күйіне немесе оқу нәтижесіне кедергі келтіретін кез келген проблемаларды студенттердің өздері зерттей алатын қауіпсіз және құпия ортаны ұсынады. Жеке тұлғаның мектепте, отбасыда, қоршаған әлеуметтік ортада психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдайын жасауға көмектесу. Кең таралған мәселелер: өзара қарым-қатынастар, күйзелістер, өзін-өзі бағалау, адамның сыртқы келбеті және т.б. Сондай-ақ ПКО-ға жабығу, үрейлену, қазаға ұшырау, тәуелділік, тағы да басқа көптеген мәселелермен жүгінеді.
Көрсетілетін қызметтер:
- Жеке және топтық консультация беру
- Балаларының жағдайы туралы алаңдайтын ата-аналарға консультация беру
- Түрлі тақырыптар бойынша тренингтер және семинарлар өткізу
- Спортшыларды психологиялық қолдау
- Отбасы мәселері: ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қытынас, бала мен ата-ана арасындағы мәселелер,отбасы мүшелерімен өзара қарым-қатынас
- Егде және қарттық жастағы адамдардың өз-өзін оқшаулауда көмек көрсету
- Стресс менеджмент, Төтенше жағдайда психологиялық көмек
Өткізілетін тренингтер мен семинарлар туралы ақпарат студенттерге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-дан 18.00-ға дейін
Психолог-консультанттар:
- Құлбабаева Нұршашқан Бекзатқызы
- Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы
- Бегасильева Салима Аскаркызы