Ақтұмар музейі

      Музей тарихы

       Қазақ ұлттық қыздар педагогика унверситетінің «Ақтұмар» музейі 2002 жылдың  қараша айының 8 жұлдызында №174 бұйрық негізінде ұйымдастырылды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сай дәстүрлі, мәдени, рухани құндылықтар арқылы студент жастарға өз мемлекетінің тілін, көп ұлтты Казақстанның  тарихын құрметтеу қасиеттерін қалыптастырады. Әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, өз елінің мәдени-тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, өнегелі, заманауи мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік   мәдениет орны. Музей университет тарихының 1944-2022 жылдар аралығын, тарихи   мұрағаттар мен сирек бейне-суреттер арқылы ғылыми-зерттеулер жұмыстарын жүргізіп, университет шежіресін баяндайды. Университет Орта Азия мен ТМД аймағындағы  қыздарға  арналған ерекше оқу орны болғандықтан,  музей экспозициясында қазақ мемлекетінің қалыптасуындағы қазақ қызының ролі –  көне заманнан қазіргі заманға дейінгі тыныс-тіршілігі көрсетіледі.

      Музей 200 ш.м. залда орналасқан, 5 бөлімнен құралатын музей экспозициясы үлкен 1 картинамен,  этно-стильдегі киімдерде 5 мүсінмен, 11 үлкен, 13 кіші әйнекті витриналарда көрсетіледі. Музей экспозициясына пайдаланған құжаттар көшірмесі:  Қазақстан Республикасы Президенті, Орталық мемлекеттік және университет мұрағаттарынан алынған. 

      «Ақтұмар»  музейінің мақсаттары мен міндеттері:

      • ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі-мәдени рухани құндылықтар арқылы студенттерді Отанын сүю, тілін, өз елінің және Қазақстанның өзге ұлттарының тарихын құрметтеу, ұлттық мұралар негізінде еліне деген сүйіспеншілік  қалыптастыру; 
      • музей экскурсияларында университеттің тарихи даңқты  даму жолын, тарихи мұрағаттар мен суреттер арқылы тұрақты насихаттау;
      • студенттердің ғылыми-зерттеу ізденістерін және шығармашылық жұмыстарын   музейлік мұрағаттар арқылы ынтасын  дамыту;
      • музейлік әлем құндылықтарын  студенттерге музейлік педагогика арқылы  танымдық ізденіс қалыптастыру;
      • тарихи мұрағаттар арқылы музейлік педагогиканың негізінде жан-жақты білікті мамандар дайындауға ықпал жасау.    

      Музей экспозициясы 5 бөлімді құрайды:

      Аналар ұлағаты- елге аманат

      Университет тарихы

      «Қыздар әлемі»- этноколлекциясы

      Қыздар шығармашылығы

      Олардың қоғамдағы ролі

      Танымдық-насихат және студенттермен жұмыс

      • Университет жоспарына сай өткізілетін барлық шараларға қатысады, конференция, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен музей көрмелерін  өз жоспарына сай айтулы мемлекеттік даталарға байланысты  жасап тұрады. 
      • Гид студентермен жұмыс: бірнеше тілде экскурсияға дайындау.
      • Ғылыми қор жұмысы (есепке алу, ғылыми тіркеу және қорды толықтыру жұмыстары)

      Қор саны : 

      •  Университет тарихынан, оқытушылардың, түлектердің жеке қорындағы деректі құжаттар мен сирек суреттер-2000д.
      • «Әйел әлемі»- атты этнографиялық коллекция. ҚР мәдениет қайраткері Д.Шоқпаров пен әулетінің авторлық жұмысы. 50 бірлік зат.
      • Сыйға берілген сыйкәделер, картиналар, кітаптар.

      Құрмет кітабы:

      шетелдік қонақтар мен еліміздің танымал азаматтарының  қолтаңба-тілектері

      Жұмыс уақыты:  10.00 - 17.00

      Электрондық почта: aktumarmuseum21@mail.ru