Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жастардың жан-жақты дамуына креативті, бәсекеге қабілетті, зияткерлік, спорт және жасыл экономика жанашырлары, елгезек Еріктілер, парасаттылық пен патриоттық, мәдениет пен әдебиетке, достық пен азаматтық құқық салаларына баулитын жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің 12 ден аса студенттік клубтар мен ұйымдар жұмыс істейді. Олардың қатарында: «Қыз Жібек» клубы; «Ұмай ана» клубы;«Жас Отан» жастар қанаты; Студенттер Альянсы; «Парасатты НЛО (Нағыз Лидерлер Одағы)» пікірсайыс клубы; «Жасыл Ел» еңбек жасағы; «Достық» жастар ұйымы; «Ақ қауырсын» жас ақындар клубы; Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша «Серт» полиция көмекшісі студенттік  отряды бар.

      Жастар ұйымдары әр білім алушының тың идея, жаңашыл бастама мен ғылым саласындағы өз мүмкіндіктерін жан-жақты жүзеге асыруына, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, өндірісте өсуге, өзін-өзі басқару стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа орта, жағымды көзқарас, оптимистік және мықты рух, рухани және ғылыми ортаға тез бейімделіп, өзін еркін сезінуге жол ашады. Студенттік өмірдің ңағыз қызықты сәттеріне жол сілтейді. Сонымен қатар университетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, азаматтық қалыптасуын жүзеге асыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының  рухани байлығы мен  интеллектуалдық дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

      Жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімі студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау және дамытуды қаматамассыз етеді. Біз университет студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени-көпшілік шараларға қатысуларына қолайлы жағдай жасаймыз. Жас таланттарды қолдауға және дамытуға, студенттердің маңызды қасиеттері мен коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға бағыттаймыз.

      Қосымша мәлімет және сұрақтар бойынша бізбен әр уақытта хабарласа аласыз.

      Электрондық пошта және әлеуметтік желілердегі парақшалар

      2331825@mail.ru – бөлімнің ресми почтасы

      @qyzdar_yniversiteti–инстаграм желісіндегі Университеттің ресми парақшасы

      @qyzpu_jastary –  инстаграм желісіндегі Жастар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің ресми парақшасы

      СТУДЕНТТІК ДАМУ


      Клубтың атауы

      Логотипі

      Мақсаты

      Әлеуметтік
      парақша

      1

      «Ұмай ана» ұйымы

      Университет қыздарының отбасы құндылықтары мәдениетін
      қалыптастыруға және ұлт анасы ретінде қыздарды болашақ
      өмірге даярлау, үй шаруашылығына қатысты тұрмыстық қажеттілік
      дағдысын қалыптастыру.

      @umai_ana_qyzpu

      2

      "Қыз Жібек "
      қыздар клубы

      Қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар,  алған білімін
      тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін, парасатты, салт-дәстүр мен
      мәдениетті дәріптейтін, бүгінгі өмірге бейім , шынайы жан-жақты дамыған
      қыздарды қалыптастыру.

      @qyz_jibek_qyzpu

      3

      Саналы  ұрпақ клубы

      Сыбайлас жемқорлықтан таза елімізде өмір сүруге бағытталған, аса
      өнегелі, жауапты, ынталы, әлеуметтік жағынан білікті және өз елінің
      патриоты болатын тұлға қалыптастыру.

      @sanalyurpaq_qyzpu

      4

      Enactus халықаралық
      коммерциялық емес ұйымы

          

      Enactus студенттердің өмірін жақсартуға болатын әлеуметтік-экономикалық
      жобаларды жүзеге асырады. Студенттер жыл сайынғы конкурста өз
      жобаларын ұсынады. Үздік чемпион деп танылған команда әлем кубогына
      қатысуға құқылы.

      @enactus_zhenpu

      5

      «Jas Otan» Жастар қанаты

      Студент жастар арасында «Нұр Отан» партиясының саясатын
      қолдаушылар қатарын арттыру арқылы креативті, көш бастайтын,
      саяси көзқарасы қалыптасқан жастар ортасын құру.

      @jasotan_qyzpu

      6

      "Қазақстан волонтерлар
      лигасы" қоғамдық қоры

      Елімізде еріктілер қозғалысын дамыту арқылы қоғамға қызмет ету
      мәдениетін қалыптастыру.

      @lv_qyzpu

      7

      "Достық" ұйымы

      Студент жастардың этносаралық қарым-қатынасын жақсарту,
      бірлігі мен достығын нығайту.

       

      @qyzpu_dostyk

      8

      "Жасыл ел" жастар
      еңбек жасағы

      Елімізді көгалдандыру  мақсатында студенттердің Отанға, жерге, табиғатқа

      @qyzpu_jasylel_kz

      9

      "Қазақстан студенттерінің
      Альянс" КҚ

      Студент жастардың  интеллектуалды, шығармашылық, рухани,
      инновациялық әлеуетін тиімді іске асырылуы үшін жағдай жасау.

      @ask_qyzpu

      10

      Парасатты Нағыз
      Лидерлер Одағы

      Студенттердің шешендік сөйлеу және көпшілік ортада өзін-өзі ұстау
      мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық әлеуметтік мәселелерді жастар
      ойымен талқыға салып шешу жолдарын қарастыру.

      @parasattynlo

      11

      "Ақ қауырсын " əдебиет
      жанашырлары клубы

      Қыздар арасында өлең жазатын ақын қыздардың
      шығармашылықтарын дамыту.

      @qyzpu_aq_qauyrsyn

      12

      «Серт» көмекші отряды

      Студенттер арасында ҚР заңнамасын түсіндіру және құқыз
      бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу.

      @qyzpu.sert