Бакалавриатқа қабылдау

      • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне (ҚазҰҚПУ) қабылдау рәсімі

        1. ҚазҰҚПУ-не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

        2. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

        • ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі.

        Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.

        Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

        2.1. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және немесе ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 № 237 бұйрығына сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады. SAT (САТ) балдарын ҰБТ-ға ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject (САТ сабджект) нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі.

        3. ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балды алмаған адамдар ҚазҰҚПУ-не 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

        Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

        1(бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша аталаған Ереженің 4 тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.

        Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

        4."Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҚазҰҚПУ-не қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

        ҚазҰҚПУ-не жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

        5. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде қабылдауды дербес ҚазҰҚПУ-не жүзеге асырады.

        Шетел азаматтарын ақылы негізде ҚазҰҚПУ-не қабылдау Қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын  жүзеге асырылады.

        6. ҚазҰҚПУ-не түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.


      • Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

        7.Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» білім беру саласы бойынша оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

        8. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидалардағы қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

        Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

        Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі

        9. Толық (4 жыл)  оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін (3 жыл) көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

        Шығармашылық дайындықты талап ететін білім бағдарламасы үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

        Толық (4 жыл)  оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

        Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

        10.«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу күнтізбелік жылғы 20 маусымнан – 24 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

        «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсуші адамдар ҚазҰҚПУ-нің  қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

        «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады


      • Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

        Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

        Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

        Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

        В001

        Педагогика және психология

        В002

        Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

        В003

        Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

        В008

        Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

        В009

        Математика мұғалімдерін даярлау

        В010

        Физика мұғалімдерін даярлау

        В011

        Информатика мұғалімдерін даярлау

        В012

        Химия мұғалімдерін даярлау

        В013

        Биология мұғалімдерін даярлау

        В014

        География мұғалімдерін даярлау

        В015

        Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

        В016

        Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        В017

        Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        В018

        Шет тілі мұғалімдерін даярлау

        В019

        Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

        В020

        Арнайы педагогика

        Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

        В004

        Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

        В005

        Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

        В006

        Музыка мұғалімдерін даярлау

        В007

        Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

        В028

        Хореография

        В092

        Тынығу


      Қажетті құжаттар

      • Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар

        ЖОО-на өтініш жасаған кезде:

        1) Ректордың атына еркін нысандағы өтініш;

        2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

        3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

        4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін (дискідегі электрондық нұсқамен);

        5) ҰБТ сертификатын;

        6) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

        7) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлікті қоса береді.

        Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

        1) еңбек кітапшасы (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);

        2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

        3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

        4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

        5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;

        6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

        7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

        Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.


      Мамандықтар бойынша бейіндік пәндер

      • Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

        2020 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

        Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының 97 тобы бар.

        ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

        Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

        Білім беру бағдарламалары тобы

        Бейіндік пәндер

         

        1 бейіндік пән

        2 бейіндік пән

         

        В001

        Педагогика және психология

        Биология

        География

         

        В002

        Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

        Биология

        География

         

        В003

        Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

        Биология

        География

         

        В004

        Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В005

        Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В006

        Музыка мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В007

        Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В008

        Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау

        Дүниежүзі тарихы

        География

         

        В009

        Математика мұғалімдерін даярлау

        Математика

        Физика

         

        В010

        Физика мұғалімдерін даярлау

        Физика

        Математика

         

        В011

        Информатика мұғалімдерін даярлау

        Математика

        Физика

         

        В012

        Химия мұғалімдерін даярлау

        Химия

        Биология

         

        В013

        Биология мұғалімдерін даярлау

        Биология

        Химия

         

        В014

        География мұғалімдерін даярлау

        География

        Дүниежүзі тарихы

         

        В015

        Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

        Дүниежүзі тарихы

        География

         

        В016

        Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        Қазақ тілі

        Қазақ әдебиеті

         

        В017

        Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

        Орыс тілі

        Орыс әдебиеті

         

        В018

        Шет тілі мұғалімдерін даярлау

        Шетел тілі

        Дүниежүзі тарихы

         

        В019

        Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

        Биология

        География

         

        В020

        Арнайы педагогика мамандарын даярлау

        Биология

        География

         

        В021

        Орындаушылық өнер

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В022

        Эстрада өнері

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В023

        Аспапта орындаушылық

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В024

        Музыкатану және өнертану

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В025

        Дәстүрлі музыка өнері

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В026

        Дирижерлеу және композиция

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В027

        Театр өнері

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В028

        Хореография

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В029

        Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В030

        Бейнелеу өнері

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В031

        Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В032

        Философия және этика

        Дүниежүзі тарихы

        География

         

        В033

        Дінтану және теология

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В034

        Тарих және археология

        Дүниежүзі тарихы

        География

         

        В035

        Түркітану және шығыстану

        Дүниежүзі тарихы

        Шетел тілі

         

        В036

        Аударма ісі

        Шетел тілі

        Дүниежүзі тарихы

         

        В037

        Филология

        Қазақ/Орыс тілі

        Қазақ/Орыс әдебиеті

         

        В038

        Әлеуметтану

        Математика

        География

         

        В039

        Мәдениеттану

        Дүниежүзі тарихы

        Шетел тілі

         

        В040

        Саясаттану және азаматтық құқықтану

        Дүниежүзі тарихы

        Шетел тілі

         

        В041

        Психология

        Биология

        География

         

        В042

        Журналистика және репортер ісі

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В043

        Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

        Қазақ/Орыс тілі

        Қазақ/Орыс әдебиеті

         

        В044

        Менеджмент және басқару

        Математика

        География

         

        В045

        Аудит және салық салу

        Математика

        География

         
         

        В046

        Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

        Математика

        География

         

        В047

        Маркетинг және жарнама

        Математика

        География

         

        В048

        Еңбек дағдылары

        Математика

        География

         

        В049

        Құқық

        Дүниежүзі тарихы

        Адам. Қоғам. Құқық

         

        В050

        Биологиялық және сабақтас ғылымдар

        Биология

        Химия

         

        В051

        Қоршаған орта

        Биология

        География

         

        В052

        Жер туралы ғылым

        Математика

        География

         

        В053

        Химия

        Химия

        Биология

         

        В054

        Физика

        Физика

        Математика

         

        В055

        Математика және статистика

        Математика

        Физика

         

        В056

        Механика

        Математика

        Физика

         

        В057

        Ақпараттық технологиялар

        Математика

        Физика

         

        В058

        Ақпараттық қауіпсіздік

        Математика

        Физика

         

        В059

        Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

        Математика

        Физика

         

        В060

        Химиялық инженерия  және процестер

        Химия

        Физика

         

        В061

        Материалтану және технологиялар

        Математика

        Физика

         

        В062

        Электр техникасы және энергетика

        Математика

        Физика

         

        В063

        Электр техникасы және автоматтандыру

        Математика

        Физика

         

        В064

        Механика және металл өңдеу

        Математика

        Физика

         

        В065

        Автокөлік құралдары

        Математика

        Физика

         

        В066

        Теңіз көлігі және технологиялары

        Математика

        Физика

         

        В067

        Әуе көлігі және технологиялары

        Математика

        Физика

         

        В068

        Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

        Биология

        Химия

         

        В069

        Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш)

        Математика

        Физика

         

        В070

        Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

        Математика

        Физика

         

        В071

        Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру

        Математика

        Физика

         

        В072

        Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

        Химия

        Биология

         

        В073

        Сәулет

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В074

        Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

        Математика

        Физика

         

        В075

        Кадастр және жерге орналастыру

        Математика

        География

         

        В076

        Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

        Математика

        Физика

         

        В077

        Өсімдік шаруашылығы

        Биология

        Химия

         

        В078

        Мал шаруашылығы

        Биология

        Химия

         

        В079

        Орман шаруашылығы

        Биология

        География

         

        В080

        Балық шаруашылығы

        Биология

        Химия

         

        В081

        Жерге орналастыру

        Математика

        Физика

         

        В082

        Су ресурстары және суды пайдалану

        Математика

        Физика

         

        В083

        Ветеринария

        Биология

        Химия

         

        В084

        Мейірбике ісі

        Биология

        Химия

         

        В085

        Фармация

        Биология

        Химия

         

        В086

        Жалпы медицина

        Биология

        Химия

         

        В087

        Стоматология

        Биология

        Химия

         

        В088

        Педиатрия

        Биология

        Химия

         

        В089

        Медициналық диагностика және емдеу технологиялары

        Биология

        Химия

         

        В090

        Әлеуметтік жұмыс

        Биология

        География

         

        В091

        Туризм

        География

        Шетел тілі

         

        В092

        Тынығу

        Шығармашылық емтихан

        Шығармашылық емтихан

         

        В093

        Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

        География

        Шетел тілі

         

        В094

        Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

        Математика

        Физика

         

        В095

        Көлік қызметтері

        Математика

        География

         

        В096

        Құқық қорғау қызметі

        Дүниежүзі тарихы

        Адам. Қоғам. Құқық

         

        В097

        Өрт қауіпсіздігі

        Математика

        Физика

         

         

        Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бір білім беру саласының ішінде төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

        Мысалы, «Математика» + «Физика» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» салаларындағы:

        1) «Математика»;

        2) «Физика»;

        3) «Информатика»;

        4) «Ақпараттық жүйелер» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

        Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).

        Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

        Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

        Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.


      Құжаттарды тапсыру мерзімі

      • 2020-2021 оқу жылының оқуға қабылдау мерзімдері

        Арнаулы емтихан

        Құжаттарды қабылдау және оқуға түсу үшін арнаулы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады. 

        Шығармашылық емтихан

        Өтініш қабылдау:

        Емтиханды өткізу:

        20 маусым мен 7 шілде аралығы

        8-13 шілде аралығы

        Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсы

        Өтініш қабылдау:

        Өткізу мерзімі:

        13-20 шілде аралығы

        21 шілде мен 1 тамыз аралығы

        Ақылы негізде оқуға қабылдау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҰБТ 

        Қатысушылар категориясы

        Өтініш қабылдау мерзімі

        ҰБТ өту мерзімі

        1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 сынып оқушылары;

        1 және 15 желтоқсан аралығы

        15 және 20 қаңтар аралығы

        2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

        3) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

        Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

        1 және 15 ақпан аралығы

        26  және 31 наурыз аралығы

        1) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

        1 сәуір және 10 мамыр аралығы

        20 маусым және 5 шілде аралығы

        2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

        3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.

        республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

        1 сәуір және 15 мамыр аралығы

        20 маусым және 5 шілде аралығы

        1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

        25 шілде және 3 тамыз аралығы

        17 және 20 тамыз аралығы

        2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

        3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

        4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.