Топ-менеджмент

        • Қанай Гүлмира Әмірханқызы
          • Қанай Гүлмира Әмірханқызы
          • Басқарма төрағасы – Ректор

            Жеке қабылдау: бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, №107 кабинет 
            Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 2 33-18-36, ішкі: 40-02

          • Ректор блогы
        Қанай Гүлмира Әмірханқызы

        Гүлмира Қанай өзінің кәсіби жолын Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында тәлімгерлік пен әкімшілік қызметтерден бастаған.

        2019 жылы Талап стипендиялық бағдарламасымен Кембридж университетінің Білім беру факультетінде (Ұлыбритания) Білім саласындағы философия докторы дәрежесін қорғады. Д-р Қанайдың докторлық диссертациясы «Қазақстан мектептерінде ұстаз көшбасшылығын дамыту» мәселесіне арналған. Г. Қанайдың зерттеулері халықаралық және жергілікті журналдарда жарық көрді.

        БІЛІМІ:

        • Білім саласындағы философия ғылымдарының докторы (PhD), Кембридж университеті, (Ұлыбритания);
        • Білім саласындағы көшбасшылық пен менеджмент магистрі (үздік), Ворвик университеті, (Ұлыбритания);
        • Аударма ісі магистрі (үздік), Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (Қазақстан);
        • Лингвист: ағылшын тілі мұғалімі, бакалавр дәрежесі (үздік), Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (Қазақстан).

        ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

        • Халықаралық кәсіби даму қауымдастығының мүшесі (IPDA), (Ұлыбритания);
        • Қазақстан Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (KERA), (Қазақстан);
        • Америка Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (AERA), (АҚШ);
        • Кембридж университеті Қазақ қоғамдастығының президенті (2017-2018), (Ұлыбритания).

        ЗЕРТТЕУ АЯСЫ:

        • Мектептегі көшбасшылық және менеджмент
        • Ұстаздардың көшбасшылығы және кәсіби дамуы
        • Ұйым ішіндегі кәсіби оқыту
        • Мектепті қаржыландыру
        • Әлеуметтік әділеттілік 

         ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ (ЛАРЫ):

        • «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бастамасы –  Зерттеу тобының жетекшісі;
        • «Жан басына қаржыландырудың Қазақстан мектептеріне енгізілуі», Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебі – Зерттеу тобының мүшесі;
        • «Қазақстандағы COVID 19 уақытында білімге тең қолжетімділік: тәжірибелер, нәтижелер, қиындықтар мен мүмкіндіктер» – Зерттеу тобының мүшесі.

        ОҚЫТУШЫЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ:

        Магистратура

        • Кәсіби тұлға (доктор Дүйшон Шаматовпен бірге);
        • Білім беру көшбасшылығына кіріспе (профессор Элейн Шарплинмен бірге);
        • Өндірістік-тағылымдама жобасы (профессор Наурин Дурранимен бірге);
        • Білім берудегі көшбасшылық және мектепті жетілдіру (ELSI) бағдарламасы (доктор Питер Дадлимен бірге).

        Бакалавриат

        • Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін: халықаралық құқық (3 курс);
        • Ағылшын тілі арнайы мақсаттар үшін: халықаралық қатынастар (4 курс).

        БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ:

        КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ МЕН ҚОНАҚ РЕТІНДЕ БЕРГЕН ДӘРІСТЕРІ:

        • Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Еуропалық конференция (ECER), 2021 жыл, 6-10 қыркүйек, Женева, Швейцария;
        • Азия-Тынық мұхит аймағындағы білім сапасына мониторинг жүргізу желісі (NEQMAP) KIX-EAP хабына арналған вебинар және білім беру мен оқыту саласындағы халықаралық саясатпен ынтымақтастық желісі (NORRAG) 2021, 24 ақпан, Женева, Швейцария;
        • Халықаралық кәсіби даму қауымдастығы (IPDA) онлайн-конференция 2020 жыл, 27-28 қараша, Бирмингем, Ұлыбритания;
        • Халықаралық виртуалдым ұғалімдердің көшбасшылық конференциясы  2020 жыл, 27 маусым, Стивенидж, Ұлыбритания;
        • Кәсіби оқытуға арналған көшбасшылық 2019 жыл, 17-18 маусым, Кембридж, Ұлыбритания;
        • HertsCam желілік жылдық конференциясы 2019 жыл, 22 маусым, Стивенидж, Ұлыбритания;
        • Мюррей Эдвардс колледжінің жыл сайынғы конференциясы, 9 наурыз, Кембридж, Ұлыбритания;
        • Американдық білім беруді зерттеу қауымдастығы, 2018 жыл, 13-17 сәуір, Нью-Йорк, АҚШ;
        • 5-ші Орталық Азия зерттеу форумы, 2018 жыл, 23 наурыз, UCL, Лондон, Ұлыбритания;
        • Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Еуропалық конференция (ECER), 2017 жыл, 21-25 тамыз, Копенгаген, Дания;
        • Джон Дью 100 жылға толуымен байланысты өткізілген конференциясы 2016 жыл, 28 қыркүйек - 1 қазан, Кембридж, Ұлыбритания;
        • Мюррей Эдвардс колледжінің симпозиумы, 2016 жыл,  Кембридж университеті, Ұлыбритания.
        • Аршабеков Нурғали Рахимғалиұлы
          • Аршабеков Нурғали Рахимғалиұлы
          • Қаржы және экономикалық мәселелер бойынша ректор кеңесшісі 

            Жеке қабылдау: жұма 15.00-ден 17.00-ге дейін
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, №108 кабинет
            Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 233-18-45
            Email: arshabekov.n@qyzpu.edu.kz 

        Аршабеков Нурғали Рахимғалиұлы

        Позиция: Қаржы және экономикалық мәселелер бойынша ректор кеңесшісі 

        БІЛІМІ:  

        • 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті  мұғалімі» мамандығы  бойынша  білім алды.  
        •  2011 жылы Орталық Азия университетінің «Заңгер» мамандығының білім  алды. 

        Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:  

        • Құрмет Ордені, 2015 жыл
        • Ерен еңбегі үшін Медаль, 2008 жыл 
        • Мерекелік медаль "10 жыл Астана",2008 жыл 

        Еңбек жолы : 

        • 1970-1971 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Киров орта мектебінде орыс тілі және бастауыш мектеп мұғалімі.
        • 1975 жылдан 1977 жылға дейін Жамбыл облысындағы Красногорск совхоз техникумында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
        • 1977 жылдан 1982 жылға дейін Жамбыл педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы, сондай-ақ орыс және шетел әдебиеті кафедрасында стажер-зерттеуші болып жұмыс істеді.
        • 1982-1985 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында аспирантурада оқыды.
        • 1985-1991 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының орыс тілі кафедрасының оқытушысы, кейін аға оқытушы және деканның орынбасары болып жұмыс істеді.
        • 1991 жылдан 1993 жылға дейін Алматы қ. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің жоспарлау-экономика факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды
        • 1993-1997 жылдары Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жоспарлау және экономика факультеті деканының орынбасары, директордың орынбасары және аға оқытушысы болып жұмыс істеді
        • 1997-1998 жылдары Алматы қаласы қазақстан-испан-корей бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді
        • 1998 жылдан 1999 жылға дейін "Алма-Матер Бизнес-орталығы" ЖШС директоры, Алматы қ.
        • 1999 жылдан 2002 жылға дейін Орталық Азия университетінің Тараз филиалының директоры және оқу про жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.
        • 2002 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, түрлі департаменттердің бастығы, Астана қаласы департаментінің директоры болып жұмыс істеді
        • 2011 жылдан 2016 жылға дейін "Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты"ШЖҚ РМК ректоры болып жұмыс істеді.
        • 2016 жылдан 2018 жылға дейін Холдингтің "Кәсіпқор" КЕАҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
        • 2019 жылдан 2021 жылға дейін "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті"ШЖҚ РМК Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры
        • 2021-2022 жылдар аралығында басқарма төрағасының міндетін атқарушы
        • Қазіргі уақытта: ректордың қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі
        • Еркін Шажаұлы Дүсіпов
          • Еркін Шажаұлы Дүсіпов
          • Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор

            Жеке қабылдау: бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, 1 қабат, №105 кабинет
            Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-00-11 ішкі: 41-48
            Email: dusipov.e@quzpu.edu.kz

        Еркін Шажаұлы Дүсіпов

        Еркін Шажаұлы Дүсіпов – Қазақстанның мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы.

        БІЛІМІ:

        • Құқықтану:  С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Заң  факультеті
        • Экономика: М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Экономика факультеті:

        Еңбек жолы:   

        С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Азаматтық құқық кафедрасының ассистенті ретінде бастады.

        • 1992-1995 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Заң факультеті деканының оқу жұмысы жөніндегіорынбасары.
        • 1993-2002 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы.
        • 2002-2003 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  Азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі.
        •  2003-2008 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетінің деканы.
        • 2008-2016 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жалпы, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор.
        • 2008-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице-ректоры.
        • 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры.

        ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

        • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілдегі салалық ғылыми терминдердің авторлық ұжымының мүшесі (2002-2006);
        • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша қазақ-орыс салалық терминологиялық сөздігінің авторлық ұжымының мүшесі (2012- 2014);
        • «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары (2009-2016);
        • ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау бойынша Талдықорған қаласының №7 сайлау округінің төрағасы (2009-2016);
        • Адвокаттар мен нотариустар лауазымына орналасуға үміткерлерді іріктеу бойынша Алматы облысы Әділет департаменті жанындағы аттестаттау комиссиясының мүшесі (2009-2016);
        • Қырғызстан Республикасы Ош мемлекеттік университетінің докторлық және кандидаттық диссертацияны қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңесінің мүшесі (2016).

        ҒЫЛЫМИ АТАҚТАРЫ, ДӘРЕЖЕЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ:

        • Заң ғылымдарының кандидаты, тақырыбы: «Жерге жеке меншік құқығының негіздері» (2002);
        • Доцент (2007);
        • Заң ғылымдарының докторы, тақырыбы: «Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық кәсіпкерлігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» (2009);
        • Профессор (2011).
        • Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы
          • Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы
          • Академиялық мәселелер  жөніндегі проректор

            Жеке қабылдау: бейсенбі 15.00-ден 17.00-ге дейін
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, №117 кабинет
            Қабылдау бөлмесі: +7 (727) 237-00-13
            Email: zhumankulova.e@qyzpu.edu.kz 

        Жұманқұлова Еркін Нұрсағатқызы

        Позиция: Академиялық мәселелер жөніндегі
        проректор

        +7 727 237 00 12

        Еркін Жұманқұлова – педагогика ғылымдарының кандидаты. 2007 жылы «Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеуге болашақ педагогтардың деонтологиялық дайындығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша диссертацияны қорғағаннан кейін «Кәсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы педагогика доценті ғылыми атағы берілді.

        Еркін Жұманқұлова еңбек жолын Павлодар облысының Екібастұз қаласындағы №23 мектепте математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

        Әр жылдары колледж оқытушысы, Павлодар қаласындағы «Балаларға арналған баспана» мемлекеттік мекемесінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде филология, журналистика және өнер факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент және деканның орынбасары, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқу-әдістемелік қызметінің басшысы, Академиялық мәселелер жөніндегі басшы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.

        Еркін Жұманқұлова өзінің біліктілігін жүйелі түрде арттырып, ғылыми-практикалық конференцияларға үнемі қатысады.

        Ол «ЖОО үздік оқытушысы – 2009» атағының, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальдің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.

        БІЛІМІ:

        • Орта мектептің физика математика мұғалімі, бакалавр дәрежесі, Павлодар педагогикалық институты, (Қазақстан)
        • Психология, бакалавр дәрежесі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, (Қазақстан)
        • Джумакулов Закир Даниярұлы
          • Джумакулов Закир Даниярұлы
          • Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

            Жеке қабылдау: бейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, №116/1 кабинет
            Қабылдау бөлмесі: +7 (727)237-00-83 ішкі: 43-07
            Email: jumakulov.z@qyzpu.edu.kz

        Джумакулов Закир Даниярұлы

        Позиция: Ғылыми жұмыс және халықаралық
        ынтымақтастық жөніндегі проректор

        +7 727 237 41 42

        Закир Жұмақұлов – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бакалавриатын тәмамдаған. 2012 жылы АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде мемлекеттік саясат саласында магистр (MPP) дәрежесін алды.

        Еңбек жолын Назарбаев Университетінің кіші ғылыми қызметкерлігінен бастаған.

        2017-2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жобалық менеджері, 2018-2021 жылдары аралығында Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің ғылыми бағдарламалар бойынша директоры қызметтерін атқарған.

        Закир Жұмақұлов білім беру саласында ғылыми зерттеулерді үздіксіз жүргізіп келеді. Ол халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар саны мен олардың дәйексөздерімен өлшенетін ұлттық ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Elsevier тарапынан «Scopus Award Kazakhstan 2019» сыйлығымен, 2011-2015 жылдарда арналған жоғары импакт-факторлы ғылыми журналдарды жариялағаны үшін Thomson Reuters және Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы тарапынан тәуелсіз сыйлығымен марапатталған.

        БІЛІМІ:

        • мемлекеттік саясат магистрі (MPP), Мичиган мемлекеттік университеті, (АҚШ);
        • шет тілдер, бакалавр дәрежесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Қазақстан).

        ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІГІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ:

        • Қазақстан Білім беру саласындағы зерттеу қоғамдастығының мүшесі (KERA), (Қазақстан);
        • Салыстыру және халықаралық білім беру қауымдастығының мүшесі (АҚШ).

        ЗЕРТТЕУ АЯСЫ:

        • Ұйымдастыру мәдениеті және көшбасшылық
        • Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру
        • Білім беру саласындағы «кірме» саясаты
        • Адами әлеуетті дамыту
        • Жоғары білімді қаржыландыру

        ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫ (ЛАРЫ):

        • Қазақстандағы жоғары оқу орындарынын интернационалдандырудың үздік тәжірибелерінің үлгілерін дамыту: 2014-2016 жж.
        • Студенттердің шетелде оқуын қаржыландыру факторлары: шетелде оқу ұлттық стипендиялық бағдарламаларын бағалау: 2013.
        • Интернационализация әлеуметтік-экономикалық жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жүйесін дамытудың стратегиялық факторы ретінде: 2011-2013.
        • Студенттік білім беру гранттары Қазақстандағы жоғары білімге қол жеткізу теңдігін арттыру құралы ретінде.

        БАСЫЛЫМҒА ШЫҚҚАН МАҚАЛАЛАРЫ:

        • A. Mhamed, A. Ashirbekov, M. Hartley, D. Jonbekova, S. Kerimkulova, M. Mussabayeva, Z. Jumakulov (forthcoming) Institutional Motivations for Innovation: Factors Spurring Change at two Universities in Kazakhstan (Институциональные мотивации к инновациям: Факторы спосособствующие инновациям в двух вузах Казахстана)
        • D. Jonbekova, J. Sparks, Y. Serokova, Z. Jumakulov (forthcoming) Contribution of international education graduates to their home country: How government scholarship recipients are ‘giving back’ to Kazakhstan? (Вклад выпускников международных стипендиальных програм: Как обладатель стипендий «возвращают долг»?)
        • Jumakulov Z., Ashibekov. A, Sparks J., Sagintayeva A. (2018) Internationalizing Research in Kazakhstan Higher Education: A Case Study of Kazakhstan’s State Program of Industrial Innovative Development 2015 to 2019. Journal of Studies in International Education. First Published July 26, 2018, https://doi.org/10.1177/1028315318786445, SAGE Publishing.
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z. (2017) The contributions of the Bolashak Program to human capital development in Kazakhstan. In M.Hartley & A. Ruby (Eds.) Higher Education Reform & Development: The Case of Kazakhstan (p. 125- 140). Cambridge, UK:Cambridge University Press.
        • Parmenter L., Sparks J., Li A., Kerimkulova S., Ashirbekov A., Jumakulov Z. (2017) Internationalizing the Curriculum in Kazakhstan: Creatively responding to change. Сhapter in the book The Globalization of Internationalization, Internationalization of Higher Education book series, Routledge
        • Jumakulov, Z., Ashirbekov, A. (2016) Higher Education Internationalization: Insights from Kazakhstan. Hungarian Journal of Educational Research
        • Sparks J., Ashirbekov A., Li A., Parmenter L., Jumakulov Z., Sagintayeva A. (2015) Becoming Bologna capable: Strategic cooperation and capacity building in International Offices in Kazakhstani HEIs. Chapter in the book The European Higher Education Area: Between Critical Reflections and Future Policies. Springer International Publishing, P. 109-126.
        • Аширбеков А.К., Джумакулов З.Д. (2015) Реализация принципов Болонского процесса в Республике Казахстан. Доклады НАН РК. – 2015. - № 1. – C. 110-115.
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z. (2015) Understanding the human capital benefits of a government-funded international scholarship program: An exploration of Kazakhstan's Bolashak program, International Journal of Educational Development, №40. – P. 85-97.
        • Sagintayeva, A. & Jumakulov, Z. (2015) Human capital formation through study abroad programs: Five lessons from Kazakhstan’s Bolashak program International Higher Education, № 79, 21-23
        • Perna, L., Orosz, K., Goupal, B., Jumakulov, Z., Ashirbekov, A., Kishkentayeva, M. (2014) Promoting Human Capital Development: A Typology of International Scholarship Programs in Higher Education, Educational Researcher, № 43(2), 63-73. http://link.springer.com/article/10.1007%2Fs10734-014-9767-4   
        • Perna, L., Orosz, K., Jumakulov, Z., Ashirbekov, A., Kishkentayeva, M. (2015) Understanding the Programmatic and Contextual Forces that Influence Participation in a Government-Sponsored Student-Mobility Program, Higher Education, № 69(2), 173-188
        • Даирова К.Н., Джумакулов З.Н., Аширбеков А.К. (2013) Government Support for Student Mobility: Case of Kazakhstan’s international Scholarship Program, Conference proceedings of Eurasian Higher Education Leaders Forum Conference Proceedings, P. 92-101.
        • Аширбеков, А., Джумакулов, З., Лисняк, С. (2013) Определение факторов участия казахстанских студентов в международных стипендиальных программах. Вестник КазНУ, №3(40), C.37-45.

        КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУЫ МЕН ҚОНАҚ РЕТІНДЕ БЕРГЕН ДӘРІСТЕРІ:

        • 2021, 27 апреля, презентация статьи “Contribution of international education graduates to their home country: How government scholarship recipients are ‘giving back’ to Kazakhstan?”на виртуальной конференции Сообщества сравнительного и международного образования (CIES)
        • 2020 - выступление на тему “Философия и будущие модели университетов” на онлайн круглом столе “Конкурентоспособность высшего образования Казахстана”, в рамках проекта отраслевые лидеры перемен
        • 2018, 17-18 мая, выступление на тему “Трудовые и социальные конфликты в Казахстане: полученные уроки” на конференции Нетрадиционные риски и вызовы безопасности в Центральной Азии Академия ОБСЕ, Бишкек, Кыргызстан
        • 2016, Сентябрь- презентация на тему “Студенческие образовательные кредиты как инструмент повышения справедливого доступа к высшему образованию”, круглом столе “Все равны: но некоторые более равнее”, Астана
        • 2016, 22-24 октября, конференция 12th QS Asia Pacific Professional Leaders in Education, Путраджая, Малайзия
        • 2016, 22-24 августа, презентация статьи “Характеристика внутренний студенческой мобильности: кейс Казахстана” XVI World Congress of Comparative Education Societies, Пекин, Китай
        • 2015, 7-11 сентября - презентация статьи “Мотивация, ожидания и опыт международных студентов выбравшие Казахстанские вузы” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Будапешт, Венгрия
        • 2014, 1-5 сентября, презентация статьи “Вызовы для новых подписантов Болонского Процесса: опыт Казахстана” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Порто, Португалия
        • 2013, 17-19 декабря, презентация статьи “Международная стипендиальная программа Казахстана Болашак” Конференция университетов BRICS “Развивающиеся страны:фокус на университеты” Москва, Россия
        • 2013, 9-13 сентября, презентация статьи “Роль международных стипендиальных программ в развитие человеческого капитала в странах с переходной экономики” на Европейской конференции по исследованиям в образовании (ECER), Стамбул, Турция
        • Рысбекова Жанар Қасымбекқызы
          • Рысбекова Жанар Қасымбекқызы
          • Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

            Жеке қабылдау: сәрсенбі 15:00-ден17:00-ге дейін
            Жұма: 15:00-ден 17:00-ге дейін
            Кабинет: №1 оқу ғимараты, №127 кабинет
            Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-01-02, ішкі: 45-02
            Email: zhanar.rysbekova@qyzpu.edu.kz

        Рысбекова Жанар Қасымбекқызы

        Позиция: Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор

        +7 727 237 01 01

        • Картбаев Тимур Саатдинович
          • Картбаев Тимур Саатдинович
          • Цифрлық офицер

            Жеке қабылдау: бейсенбі 16.00-ден 18.00-ге дейін 
            Кабинет: Бас оқу ғимараты, №221а кабинет
            Қабылдау бөлмесі:  +7 (727) 237-00-06, ішкі: 42-00
            Email: kartbayev.t@qyzpu.edu.kz

        Картбаев Тимур Саатдинович

        Позиция: Цифрлық офицер

        +7 727 237 41 42

        kartbaev.t@qyzpu.edu.kz

        PhD, қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ), академиялық профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің түлегі, Қазақстан Республикасы ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы стипендия лауреаты, Қазақстан Республикасының «ЖОО үздік оқытушысы – 2018» атағы, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің «Құрметті энергетик» төсбелгісі, «Электр энергетика саласына қосқан үлесі үшін» медалі, РФ РЖА «Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» атағы мен медалі, «Информатика саласындағы табысты кәсіби қызметі үшін» (Бельгия) сапа дипломы мен төсбелгісінің иегері, сонымен қатар өз еңбектері үшін ЖОО-ның құрметті грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.  

        Т.С. Картбаев докторантураның толық курсын мерзімінен бұрын аяқтап, Mokhtar Kirane (Франция), Б.С. Ахметов (Қазақстан), А.Ю. Малыгин (Ресей) сияқты атақты профессорлардың жетекшілігінде философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын сәтті қорғаған.   

        Әр жылдары "NAOMIS-SERVICE.kz" ЖШС инженер-бағдарламашы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің кафедра инженері, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доценті, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі директордың орынбасары, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы, Алматы энергетика және байланыс университетінің "IT-инжиниринг" кафедрасының меңгерушісі, басқару жүйелері және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Ақпараттық технологиялар институтының директоры, Логистика және көлік академиясының бірінші проректоры лауазымдарында жұмыс атқарды.

        Португалия, Франция, Польша, Тайланд, БАЭ, Ресей, Қырғызстан сияқты шетелдерде тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

        Т.С. Картбаев Бельгияның Брюссель қаласында өткен IBM компаниясының «Best student recognition event – 2012»-тің Қазақстан атынан алғашқы қатысушысы болып, ал 2013 жылы Францияның Монполье қаласында өткен «Best student recognition event 2013» IBM сарапшылары тарапынан шақырылған.  

        2015-2017 жылдар аралығында ҚР БжҒМ БҒСБК «Математика және информатика» секциясы бойынша сараптау кеңесінің мүшесі, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылау бойынша сараптау кеңесінің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Логистика және көлік академиясының диссертациялық кеңестерінің мүшесі. 

        Жарияланған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жалпы саны 120-дан астам, оның 15-нан астамы - Scopus, Elsevier, Web of Science библиографиялық дерекқорларында, 1-оқулық, 3-оқу құралы, 3-монография. Сондай-ақ, ҚР ӘМ авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы көптеген куәліктері бар. Scopusбазасы бойынша Хирш индексі – 3, Web of Science базасы бойынша – 3.

        БІЛІМІ:

        • Информатика бакалавры (үздік диплом), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
        • 6N0704 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша магистр, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
        • 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша PhD (мерзімінен бұрын), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

        ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ:

        – 2018-2020ж. – AP05132723 «Ақпараттандырудың аса маңызды объектілерінің киберқауіпсіздігі саласындағы бейімделген сараптамалық жүйелерді әзірлеу» жобасының жетекші ғылыми қызметкері;

        ­– 2013-2015ж. –«Медициналық мекеме үшін электрондық аурулардың биометриялық иесіздендіру жүйесінің ON-LINE қолданыстағы зертханалық үлгісін іске асыру нұсқаларын зерттеу және әзірлеу» №753.БҒМ.МФ.13.13. тақырыбының аға ғылыми қызметкері;

        – 2015ж. «Ақпараттық қауіпсіздікті биометриялық қолдау бойынша стандарттар тобын зерттеу, үйлестіру, модификациялау және есепке қою» 1022/ГФ4 тақырыбының аға ғылыми қызметкері.

        – 2011-2013ж. – «Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыш камераларға энергия үнемдейтін приставкалардың сериялық өндірісін әзірлеу және ұйымдастыру» тақырыбын орындаушы.