Гранттық жобалар

    • + Ішкі қаржыландыру жобалары

      Басқарма отырысының 2023 жылдың 26 сəуірінде бекітілген «Ғылыми, ғылыми-техникалық жəне қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсы туралы» ережесі негізінде Ғылыми, ғылыми- техникалық жəне қолданбалы жұмыстарды ішкі қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары анықталды. Жобаға 17 өтінім беріліп, конкурс нəтижесінде 10 жобаны қаржыландыру шешімі қабылданды.

      Жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру бөлу туралы бұйрық

          • Гранттық қаржыландыру

          • Гранттық қаржыландыру

          • Гранттық қаржыландыру

          • Гранттық қаржыландыру

          • Гранттық қаржыландыру

          • Гранттық қаржыландыру

          • Development-грант

          • Эмпирикалық зерттеулерді қаржыландыру (Lesson Study, Action Research)

          • PostDoc қаржыландыруы

          • PostDoc қаржыландыруы

      + Іске асырылып жатқан жобалар
        • Жоба тақырыбы: Көміртекті қосылыстардың жаңа кристалл химиясын іздеу: X-C-O (X=Be, Mg, Ca) үштік жүйелерін алғашқы қағидаттардан зерттеу

          Аннотация

          Бүгінгі таңда Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O қосылыстарының нанокристалды қосылыстарының орнықты жаңа түрлерін синтездеу бойынша жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулер саны өте аз, мұндағы X – сілтілі немесе сілтілі жер элементі. Осы жобада біз 0–ден 50 ГПа–ға дейінгі қысымдардың кең интервалында X-C-O (X = Be, Mg, Ca) құрамдарының үшбұрыштарында жүйелі теориялық іздеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған тотыққан формалардан басқа, карбидтер де композициялардың осы үшбұрышына енеді – абразивтер ретінде, атап айтқанда Қазақстан Республикасының мұнай кен орындарын пайдалану кезінде қолданылатын бағаналы бұрғыларды өндіру үшін әлеуеті бар материалдар. Бастапқы реагенттердің (Ca, Mg карбонаттары мен оксидтері) қолжетімділігі мен төмен бағасына байланысты құрамдар үшбұрышындағы ашық тотыққан нысандар құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылуы мүмкін. Жүргізілген есептеулер жаңа қосылыстардың мақсатты синтезделуіне, олардың қасиеттері мен халық шаруашылығында қолдану перспективаларын зерттеуге негіз болады.

          Жобаның мақсаты: 0-50 ГПа қысым диапазонында Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O жүйелеріндегі тұрақты қосылыстар мен кристалды құрылымдарды іздеу және жасау мен олардың физикалық қасиеттерін бағалау болып табылады.

          Жобаның міндеттері:

          • 0-50 кПа қысым интервалында Be-C-O, Mg-C-O and Ca-C-O жүйелеріндегі тұрақты құрамдарды жүйелі іздеуді орындау;
          • болжанған қосылыстарға егжей-тегжейлі құрылымдық талдау жүргізу, атап айтқанда құрылымдық аналогтарды іздеу;
          • фонондық спектрлерді есептеу арқылы болжамды құрылымдардың динамикалық тұрақтылығын бағалау;
          • анықталған фазалар тұрақты болатын қысым мен температура аралықтарын анықтау және олардың синтезінің оңтайлы жағдайларын бағалау;

          Күтілетін нәтиже:

          • Төмен қысым диапазонындағы модификацияланған Be-C-O, Mg-C-O и Ca-C-O қосылыстарының псевдобинарлы қималы нанокластерлер;
          • Be-C-O, Mg-C-O және Ca-C-O жүйелерінің әртүрлі модификацияларының пайда болуының негізгі факторлары ретінде құрылымдық өзгерістер аймағын (жоғары энергия, кернеулер және жергілікті деформациялар аймағы) салыстырумен потенциал функциясының эволюциялық алгоритмдері арқылы бағалау;
          • Сапалық және сандық дәл тәсілдерді қолдана отырып, спектрлік функцияны анықтау әдісі;
          • Квазигармониялық жуықтау аясында тор динамикасын қолданумен фазалық диаграммалар;
          • Серпімді тұрақты және фазалық ауысулардың қысымын бағалау және қысым әсерінен құрылымдық параметрлердің өзгеруін талдау.
          • Web of Science базасындағы импакт - фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) жобаның ғылыми бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми басылымдарда және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша кемінде 50 (елу) процентилден кем емес кемінде 3 (үш) мақала немесе шолу жарияланатын болады;
          • КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу;
          • немесе Web of Science базасындағы импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильге кіретін және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 65 (алпыс бес) процентилден кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланатын болады;
          • Web of Science базасындағы 1 (бірінші) квартильге немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 95 (тоқсан бес) процентилден кем емес рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланатын болады.

          Күнтізбелік жоспар

        • Жоба тақырыбыТолықтырылған және виртуалды шынайылық (AR/VR) технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу

          Аннотация

          Жаһандану мен экономиканы цифрландырудың жоғары қарқыны, Индустрия 4.0 дамуы адам өмірінің барлық салаларында, оның ішінде білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды дамытуға және кеңінен қолдануға ықпал етеді. Цифрлық технологияларды қолдана отырып, білім беру кеңістігін де, оқытудың технологиялық процестерін де жобалауға бағытталған 3D модельдеу өз кезегінде білім беруді цифрландырудың негізін құрайды. 3D модельдеудің әртүрлі аспектілерін зерделеу білім алушылардың цифрлық технологиялар, заманауи ғылым және техника туралы түсініктерін едәуір кеңейтеді, зерттелетін пәндерде цифрлық технологияларды қолданудың оң тәжірибесін қамтамасыз етеді. Цифрлық технологиялардың интеграциялануын жүзеге асыру терең пәнаралық байланыстарды қажет ететіндіктен, пәнаралық байланыстарды дамыту мазмұнды міндеттер түрінде ақпараттық база құруға мүмкіндік береді, оларды шешу цифрлық технологияларды игеруді ынталандырады, шығармашылық іс-әрекет дағдыларын игеруге жағдай жасайды.

          Алайда, білім беруде цифрлық технологияларды қолдану саласындағы алдындағы зерттеулердің статистикалық талдауы біздің елімізде білім беру жүйесі мен білім беру мазмұнына бейімделген осы бағыттағы әзірлемелердің аздығын көрсетеді. Бұл технологиялар жеткілікті зерттелмеген және бірқатар себептерге байланысты елдің оқу орындарында аз қолданылады деп болжауға болады:

          AR өндірісінің өзі кешенді міндет болып табылады және мұғалімдер мен зерттеушілерді құру қиынға соғады, мұғалімдер 3D модельдерін әзірлеуге дайын құралдарды жетік білмейді, AR объектілерін алдын-ала модельдеу бойынша дайын шешімдер жоқ және т. б. Бір жағынан білім беруде AR-технологияларды қолданудың тиімділігі мен қажеттілігі және AR-технологияларды іске асыру үшін 3D-объектілерді модельдеу мәселелерінде педагогтердің құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, екінші жағынан Қазақстандық білім беруде AR-технологияларды 3D модельдеу және пайдалану бойынша дайын шешімдердің болмауы осы салада зерттеулер жүргізу үшін объективті алғышарт туғызады.

          Мәселенің шешімін біз информатика мұғалімдерінде цифрлық технологияларды, атап айтқанда AR/VR қолдану негізінде 3D-модельдеу дағдыларын дамыту бойынша білім беру порталын құрудан көреміз. Білім беру порталы 3D модельдеуді оқыту және AR / VR қолдану бойынша еркін қолжетімді ресурс болады.

          Жобаның мақсаты: Толықтырылған және виртуалды шынайылық (AR/VR) технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу

          Жобаның міндеттері:

          • AR/VR негізінде 3D модельдеуді оқытудың қолданыстағы әдістері мен құралдарын сыни талдау негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуді оқытуды модернизациялаудың теориялық негіздемесі;
          • 3D модельдеуді оқыту ортасының ерекшеліктерін, болашақ информатика мұғалімдерін дайындаудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
          • AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың ғылыми негізделген әдістемесін әзірлеу;
          • AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың білім беру порталының құрылымы мен мазмұнын анықтау;
          • AR/VR технологиялар негізінде 3D модельдеуді оқытудың білім беру порталының архитектурасы мен дизайнын әзірлеу;
          • AR/VR технологиялар негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу;
          • Білім беру порталын пайдалана отырып үйрету және оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.

          Күтілетін нәтижелер:

          • Web of Science деректер базасының Arts and Humanities Citation Index немесе Social Sciences Citation Index индекстелетін немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша кемінде 35 процентилі бар ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала жариялау;
          • AR/VR негізінде болашақ информатика мұғалімдерін 3D модельдеуге үйрету үшін білім беру порталын әзірлеу;
          •  білім беру порталының авторлық құқық туралы куәлігін алу;
          • жоба жоспары бойынша білім беру порталы әзірленгеннен кейін білім беру порталын пайдалана отырып, 3D модельдеуді оқыту және оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады;
          •  алдыңғы қатарлы информатика және ақпараттық технологиялар бойынша халықаралық конференцияларға қатысу жоспарлануда (ICAIT 2024) 2024 жылғы 27-29 қазан Лондан;
          • ККСОН ұсынған отандық басылымдарда 2 жарияланым.

           Күнтізбелік жоспар

           Басылымдар

        • Тақырыбы: Қазақ тілін сандық ресурстар арқылы ұлттық бренд негізінде меңгерту.

          Аннотация: Тіл білімі даму прогресінен өте келе, қазір адамның ішкі менталдық табиғаты мен ойлау механизмдеріне ойысты. Қазақ тіл білімінде тілдік зерттеулер танымдық деңгейге көтеріліп, оны меңгерту жолдарын ұлттық ерекшелігі, менталдық сипаты, ұлттық құндылықтары арқылы табуда. Бүкіл әлемдік пандемия жағдайына байланысты оқытудың онлайн форматы ерекше қарқынмен дами бастағандықтан, тілді меңгертудің әдіс-тәсілдерін де өзгертіп, онлайн жүйеге трансформациялаудың қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тілдің БАҚ, әлеуметтік желі, халықаралық коммуникацияда, қолданылуын жетілдіру міндеттелген. Ақпарат құралдарының, оның ішінде сандық ресурстардың дамуы қазақ тілін халықаралық деңгейге шығарып және ұлттық бренд арқылы мемлекетті танытып, елдің экономикасына да үлес қосу мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді.  Өз кезегінде қазақ тілін меңгерту Қазақстан аумағында ғана емес, аудиториясы кеңіп, шетелді де қамтитын болады.

          Жобаның мақсаты:

          Әлемдегі онлайн оқыту жүйесіндегі өзгерістерге байланысты тілді меңгертуді трансформациялау үшін «қазақ тілін ұлттық бренд негізінде сандық ресурстар арқылы оқытудың» кешенді жүйесін негіздеу, әзірлеу, тиімділігін тәжірибеде тексеру, сынақтан өткізу, білім беру тәжірибесіне енгізу және сандық ресурстарды пайдаланып әлемге тарату.         

          Жобаның міндеттері:

          • тілді интернет ресурстар арқылы оқытудың отандық және шетелдік озық технологиялары мен тәжірибелеріне талдау жүргізу;
          • бейнедәрістерге арналған сюжетті сценарийлер жазып, онлайн сабақтардың контентін даярлау және бейне сабақтар түсіру;
          • интернет ресурстарға дайындалған өнімдерді салу;
          • алынған өнімді коммерцияландыру;
          • жоба бойынша жүргізілген жұмыстарға статистикалық талдау жасау;
          • дәстүрлі қазақ тілін оқыту әдістемесін трансформациялап, оқу үдерісіне алынған нәтижелерді енгізу, авторлық құқығын қорғау.

          НӘТИЖЕЛЕР

           Жобаның қорытынды есебі

           ЖОБА ЕСЕБІ

          «Ғылыми зерттеулердегі статистика» тақырыбындағы интенсив-курста, мақала жазу барысында тәжірибеде алынған мәліметтердің заңдылықтарын зерттеу, оларға талдау жасап, солардың нәтижесінде дұрыс қорытынды алу қамтылады. Курс барысында зертеу кезінде маңызды болатын тек негізгі түсініктер қарастырылып, олардың практикада қолданылуы мысалдармен түсіндіріледі. Сонымен қатар, зерттеу барысында дерекетер тапшылығын болдырмаудың арнайы техникалары түсіндіріледі. Курс нәтижесінде өз зерттеулеріңізді Скопус базасына енетін Халықаралық журналдарға мақала ретінде дайындағанда модельдің дәлдігіне қажет метрикаларды ыңғайлы қолдануды үйренесіздер.

           ТРЕНИНГ

        • Аннотация: Түркі әлемі - түркі мәдениетін ескі заманнан бастап бүгінгі күнмен байланыстыратын алтын көпір. Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары әлемдік өркениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Махмуд Кашкари, Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, Ахмет Яссауи, Ұлықбек, Әлішер Навои және басқа да әлемге танымал тұлғаларды тудырған түркілердің рөлін жан-жақты зерттеу қажет. Біздің тамырымыз ортақ, ортақ тіл бар және бұл біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталуы керек. Біз бұл мұраны шығармашылық мақсатта пайдалануымыз керек. Бұл арқылы біз барша адамзатты татулық, келісім және бір-бірімізді құрметтеу жолымен жүруге шақыра аламыз-деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Түркі әлемін зерттеуге байланысты жұмыстарды жаңғырту мақсат етілмек. 

          Aдaмзaт тaрихындa бaрлық хaлықтaрдың діни-философиялық және тaрихи тәжірибелік тaнымдaрының кешенді жиынтығынaн тұрaтын дәстүрлі дүниетaнымдaры «құдaйлық киелілік» ұғымы төңірегінде қaлыптaсқaны сияқты, дәстүрлі түркілік дүниетaнымның негізгі ұстaнымдaры дa Тәңірлік діни тaнымнaн бaстaу aлғaн. Бұл ойлaу жүйесі бойыншa aдaмның және оны қоршaғaн ортaның «иесі» мен «киесі» ‒ Тәңірі. Ежелгі түркілер Аспан, Жер, Су және ең бастысы Тәңірге табынуы арқылы тәңіршілдік танымды қалыптастырғаны белгілі.

          Ежелгі түркілердің дүниетанымында əлем нақты анықталған ұғымдар негізінде көрініс тапқан жəне классикалық категорияға тəн мазмұнда екі жақты ұстанымға бекіген түсініктермен толығады. Ежелгі түркі мəдени жəдігерлерінде келесідей бинарлы параллелдер анықталған: атап айтсақ, жоғары-төмен, шығыс-батыс, солтүстік-оңтүстік, ілгері-кейін, алыс-жақын, ашық-күнгірт, күн мен түн, баба мен ұрпақ, өзімдікі-біреудікі, үлкен-кіші, өмір мен өлім, көп пен аз, бай мен кедей, ер мен əйел, Тəңір (Көк Аспан) мен Ұмай ана (Жер-Су), тұлға мен қоғам. Жоғары-төмен, шығыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік, алыс-жақын, өзіңдікі мен біреудікі, үлкенді-кішілі, тұлға-қоғам секілді қарама қайшылықты ұстанымдар Шығыс пен Батыстың көптеген халықтар діліне тəн ұғым. Осы категориялы ұстанымдар мазмұны жағынан дүниетанымдық, кеңістіктік, уақыттық, көлемдік, рухани-этикалық, əлеуметтік, этникалық, этномəдени концептуалды жүйелері арқылы тұтас дүниеде ежелгі түркі əлемінің бір моделі немесе бір суретін біріктіреді.

          Жобаның мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  көне түркілер дүниетанымындағы концептілер жүйесін анықтау, концептілерді Абайдың  «Толық адам ілімі» тұжырымына сәйкестендіріп, қазақ дүниетанымындағы көрінісін негіздеу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «жаңа сапалы адамды қалыптастыру» тұжырымын іске асырудың тетіктерін пайымдайтын зерттеу нәтижесіне қол жеткізу.     

           Жобаның міндеттері:

          • антропоөзектік бағытқа сәйкес түркі тілдерінің шығу тарихындағы, даму кезеңіндегі түркілердің дүниетанымына қатысты теориялық ұғымдар мен көзқарастарды анықтау;
          • көне түркі мұраларындағы Әлем моделі бойынша лингомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерін талдау;
          • көне түркі тіліндегі Адам моделі бойынша лингомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерін талдап, концепт мәселесінің түркі және  қазақ тіліндегі қарастырылу жайын анықтау.
          • Гильгамеш, Орхон- Енисей, Қорқыт, Қашқари мұраларындағы адам және әлем модельдерін әлемдік және отандық ғылым тарихындағы зерттеулермен салыстыру;
          • шумер және көне түркі жәдігерлерінен концептілік өріс құрайтын материалдар жинастыру, көне түркілердің уақыт пен кеңістік туралы дүниетанымының құрылымдық ерекшеліктерін жіктеу;
          • көне түркі дүниетанымындағы  Адам және Әлем  моделіне қатысты концептілерді жалпы түркілік мұралармен салыстыра отырып жүйелеу;
          • көне түркі дүниетанымындағы  Адам және Әлем моделіне қатысты концептілік өрістің тілдік қолданыстағы вербалды көріністерін айқындау;
          • көне түркілер дүниетанымындағы аялық білімді пайымдау, ойлау деңгейін, философиялық көзқарастарын Абайдың «Толық адам ілімімен» салыстыра талдау;
          • көне түркі мәдени  жәдігерлеріндегі дүниетанымдық мазмұнды құндылықтарды қазақ халқының рухани игілігіне кіріккен дүниетанымдық ұстындарымен салыстыра талдау;
          • көне түркі мәдени  жәдігерлеріндегі дүниетанымдық мазмұнды құндылықтарды мәдени антропологиялық тұрғыдан негіздеу;
          • концептілік жүйенің қазақ дүниетанымындағы көрінісін этнолингвистикалық  материалдар негізінде қарастырып пайымдау.
          • «Түркі адамы» концептісінің ұлттық болмысын Гильгамеш, Орхон- Енисей, Қорқыт, Қашқари, Ж.Баласағұн, әл-Фараби және Абай  мұраларындағы ортақ идеялар тұрғысынан талдау;
          • Абайдың «Толық адамның» моделін жасау.
          • «Ойшылдар іліміндегі Толық адам бейнесі» атты арнаулы курс бағдарламасын даярлау.
          • «Көне түркі және қазақ дүниетанымындағы Толық адам бейнесі» атты  монографияға материалдар топтастыру.

           Жобаның қорытынды есебі

        • Тақырыбы: Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші жаңа тиімді отандық препараттардың синтезі, құрылымы және биологиялық қасиеттері.

          Аннотация: Қазақстанның әлемдік азық-түлік нарығында көшбасшысы болуы және ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту үшін: егіс алқаптарын ұлғайту; жаңа технологияларды енгізу есебінен өнімділіктің айтарлықтай өсуін қамтамасыз ету; мал шаруашылығының жем-шөп базасын құру үшін өзінің үлкен әлеуетін пайдалану керек. Осы мәселелерді шешу үшін дамыған елдерде ауылшаруашылық тәжірибесіне өсімдіктің өсуін реттегіштер (ӨӨР) белсенді түрде енгізілуде, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде ӨӨР қолдану агроөнеркәсіптік кешендегі прогрессивті технологиялар санатына жатады. Осы жоба шеңберінде дәнді дақылдар үшін өсімді реттейтін заттар ретінде препараттарды жасау мақсатында алициклді, хош иісті қатарлардың дитиокарбаматтары мен амидофосфаттарының жаңа молекулалық құрылымдарын синтездеу және оларды химиялық модификациялау, зерттелетін қосылыстар қатарындағы құрылымдық ерекшеліктер мен реактивтілікті зерделеу, олардың биологиялық белсенділігін зерттеу, оларды ауыл шаруашылығы практикасында пайдалану ұсынымдарын алу жоспарланып отыр. Жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде органикалық химияның классикалық әдістері және жаңа биопрепараттардың дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына әсерін бағалау бойынша стандартты биологиялық процедураларды пайдаланылатын болады. Алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары: ғылыми-зерттеу институттары, фермерлер, агрохолдингтер, шаруа қожалықтары.

          Мақсаты: Жаңа синтетикалық амидофосфаттар мен дитиокарбонат туындыларының құрылымын, реактивтілігін және құрылымдық ерекшеліктерін белгілеу, өсімдіктердің өсуі мен дамуының потенциалды реттеушілері ретінде олардың биологиялық қасиеттерін зерттеу саласында ұсақ органикалық синтездің теориясы мен тәжірибесін одан әрі дамыту.

          Жобаның міндеттері: өсімді ынталандыратын әсердің жаңа буынының биопрепараттарының синтезін әзірлеу; физика-химиялық деректер негізінде синтезделген биопрепараттардың құрылымы мен қасиеттерін белгілеу; зертханалық және далалық жағдайларда биологиялық белсенділікке синтезделген биопрепараттарды сынау болып табылады.

          Күтілетін нәтиже: Фенилацетилен негізіндегі жаңа дитиокарбаматтарды, сонымен қатар алициклды және ароматты қатардағы амидофосфаттар мен диамидофосфаттарды синтездеу әдістерінің оңтайлы шарттарын зерттеу; алынған мәліметтер негізінде жаңа синтезделген препараттардың құрылымы мен биологиялық белсенділігін анықтау.

        • Тақырыбы:  Музыкалық-педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту және жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау

          Аннотация: Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және педагогикалық қоғамдастықтың алдына қойылған Қазақстандық білім беруді жаңғырту міндеті бүгінгі таңда ерекше маңызға және өзектілікке ие болды. Бағдарламада атап өтілгендей, кәсіптік білім берудің және білім беру бағдарламаларының жаңа стандарттарын жаңарту және әзірлеу педагогикалық кәсіптің жоғары мәртебесін нақты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Баса назар аударатын жағдай, бүкіл білім беру жүйесіне әсер еткен оқыту технологияларын реформалау процестері қазіргі заманғы орта білім беретін  мекемелер талап ететін құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауға бағытталған музыкалық білім беру жүйесіне де әсер етті. Музыка мұғалімі керемет музыкант, сондай-ақ өскелең ұрпақты қоршаған әлемге моральдық-эстетикалық көзқараста тәрбиелеудегі маңыздылығын түсінетін мұғалім болуы керек.

          Мақсаты: Музыкалық білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық басымдықтарға сәйкес отандық музыкалық білім беру жүйесін жаңғыртуды және жаңартуды, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығы жағдайында бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ететін оқытудың басым технологияларын, бағыттарын, мазмұнын, құралдары мен әдістерін зерттеу және ғылыми негіздеу.

          Міндеттері: 

          • 6В01401-Музыкалық білім беру мамандығы бойынша педагог кадрларды даярлаудың заманауи мәселелерінің өзекті бағыттарын зерттеу және анықтау.
          • Ғылыми жоба тақырыбы бойынша тиісті әдебиеттерді зерделеу және талдау.
          • "Музыкалық білім беру" мамандығы бойынша болашақ музыка мұғалімдерін даярлаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.
          • Дәлелденген педагогикалық жетістіктері бар, музыка сабақтарында педагогикалық процесті жетілдірудің, жаңғыртудың тиімді жолдарын табатын «Үздік музыка мұғалімдерінің» озық педагогикалық тәжірибесін айқындау, зерделеу және тарату.

          Күтілетін нәтиже: Ұсынылған жоба Музыкалық білім беру, жоғары оқу орындарында, арнаулы орта оқу орындарында (колледж, училище) студенттерді тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен айналысатын барлық мамандар үшін ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады. Зерттеу ғылыми қызметкерлерге өз еңбектерінде ғылыми материал ретінде бәсекеге қабілетті және құзыретті музыка мұғалімдерін даярлау жүйесі мен мазмұнын пайдалануға мүмкіндік беретін негізделген нәтижелерді сипаттайды. Зерттеу процесінде өзінің тиімділігін растаған практикалық материалдар, әдістемелер мен оқыту технологиялары ұсынылатын болады

        • Тақырыбы: «Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беру үшін үйретуші мобильді қосымшалар  әзірлеу»

          Aннотация: Инклюзивті білім беру мекемелерінде есту қабілеті бұзылған балаларды  оқыту кезінде көптеген қиындықтар кездесетіні сөзсіз.  Осы қиындықтармен жұмыс жасау кезінде педагогтар түрлі әдістемелер мен технологияларды пайдаланып сабақтарын тиімді өткізуге тырысады. Есту қабілеті бар балалармен бірге топтық сабақтар баланың коммуникативті қабілеттерін дамытуға және сөйлеу қорын байытуға бағытталады. Кейде берілген тапсырманың мағынасын бала түсінбеуі мүмкін, нәтижесінде тапсырманың орындалу қарқыны мен оның өнімділігі айтарлықтай төмендейді. Сондықтан нашар еститін оқушылар үшін оқулықтардағы үлкен көлемді мәтіндерді меңгеру айтарлықтай қиындық тудырады, өйткені естімейтін оқушылардың сөздік қоры олардың еститін сыныптастарының сөздік қорына сәйкес келмейді. Осы сәйкессіздікті болдырмау мақсатында қазіргі кезде инклюзивті білім беруде, әсіресе есту мен сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оқытуда цифрлық технологиялар көбірек пайдаланылуда. Балалар ересек адамдарға қарағанда цифрлық технологияларды салыстырмалы түрде тез игереді. Сондықтан цифрлық технологияларды сабақ барысында және оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану олардың дамуына едәуір ықпалын тигізеді. Тәжірибемізден байқағанымыздай сабақта мультимедиялық презентациялар қолданылса, балалардың сабаққа деген қызығушылығы және танымдық қабілеттерінің деңгейі одан әрі артады. Сондықтан есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруде түрлі анимациялық және көркемделген бейнелермен толықтырылған үйретуші мобильдік қосымшалардың пайдасы зор.

          Мақсаты: Инклюзивті білім беру кезінде есту қабілеті зақымдалған балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыратын және инклюзивті ортада қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға болатын үйретуші мобильді қосымшаларды әзірлеу.

          Міндеттері:

          • инклюзивті білім беру бағытын, оның ішінде  есту қабілеті зақымдалған тұлғалар туралы зерттеген шетелдік және отандық ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау және зерттеу;
          • есту қабілеті зақымдалған, әсіресе есту мүмкіндігі толық шектелген балалардың танымдық даму қабілетін арттыруда қолданылатын цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін анықтау;
          • есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған әдістемелермен танысып, инклюзивті білім беру ортасына арналған мобильдік қосымшалар жасау үшін, оның алгоритмін және моделін құрастыру;
          • есту мүмкіндігі шектелген балаларға сабақ барысында берілген ақпаратты дұрыс меңгеруіне және қызығушылықтарын арттыруына арналған, сонымен қатар инклюзивті ортамен қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатын мобильді қосымшалар жасау.

          Күтілетін нәтижелер: Есту қабілеті зақымдалған балаларға инклюзивті білім беруге арналған мобильді қосымшаны жасау үшін қолданыста жүрген арнайы білім беруге бағытталған компьютерлік программалар мен олардың қолжетімділігі зерттеледі

        • Тақырыбы: «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың (2017-2024 жж.) әдеби тіл нормасына сәйкестігін мониторингілеудің теориясы мен тәжірибесі 

          Аннотация:  Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің, нарықтық қатынастың, шетелдермен экономикалық байланыстың қарқын алған кезінде лингвистер тілдің нормадан ауытқымауын қадағалау керек. Қоғамдағы өзгерістер халықтың ауызекі тіліне ғана емес, әдеби тілге де өзгеріс әкеліп жатқанда, әдеби тілдің нормасын сақтап қалу, тілдің түпнұсқалық принципін ұстанудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Тілді мұра етіп алып қалатын – жас буын, өсіп келе жатқан ұрпақ. Олардың тілін дамытатын көркем шығармалардың орнын интернет пен теледидар алмастырғаны белгілі. Қазақстандық балалардың көпшілігі теледидардағы «Балапан» арнасын көреді. Сондықтан «Балапан» арнасы бағдарламаларының тілін зерттеу, тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстарды қалыптандыру, оны нормалауды қолға алу – өзекті мәселе. 

          Мақсаты: Қазақстанның түкпір-түкпіріне жүйелі түрде ақпарат тарататын, қазақтілді балаларға арналған «Балапан» арнасы зерттеу нысанына алынып, ондағы бағдарламалардың тілінің әдеби нормаға сәйкестігін айқындау, нормадан ауытқушылықтарды анықтау нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығын жасау, морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі тіл нормасын бұзатын құрылымдарды мониторингілеу және қалыптандыру көзделеді. 

          Жобаның міндеттері:  

          • «Балапан» телеарнасы бағдарламаларының мәтіндерін топтастыру, саралау, жүйелеу. 
          • Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің морфонологиялық деңгейін саралау; 
          • Балапан телеарнасындағы бағдарламалар мәтіндерін әдеби тілдік нормаға сәйкестендірудің лексика-семантикалық деңгейін саралау; 
          • Дайын сценарийлердегі дискурсішілік сөйлеу актілері арасындағы мазмұндық-мағыналық байланыстарды анықтау және әдеби-тілдік нормамен сәйкестендіру.  
          • Тәжірибе жүзінде тексерудің нәтижелерін қолданысқа енгізу.

          Күтілетін нәтиже:  «Балапан» арнасындағы бағдарламалар тілінің әдеби нормаға сәйкестігі айқындалады, нормадан ауытқушылықтар анықталып, нәтижесінде балалар тіліне ыңғайландырылған әдеби тіл нормасын сақтаудың нұсқаулығы жасалады. Тіл нормасын бұзатын морфонологиялық, лексика-семантикалық, дискурстық деңгейдегі бұзылыстар қалыптандыру үшін зерттеу және тәжірибелік жұмыстар жасалады.

        • Тақырыбы: “Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білімнің ғылыми концепциясы: теориялық -методологиялық негіздері”.

          Аннотация: Жоба идеясы қазіргі Қазақстандағы гендерлік білім беру мазмұнының пәнаралық аспектісін зерттей отырып, ғылыми концепциясын жасауға негізделген. Гендерлік білім мазмұнындағы тіл мен әдебиеттің, мәдени-тарихи құбылыстардың көрінісін айқындау, гендерлік білімнің саяси, тарихи, әлеуметтік, экономикалық аспектісін анықтау-әлеуметтік гуманитарлық бағыттағы білім берудің  теориялық және әдіснамалық негіздерін дамыту қажеттілігімен байланысты. Жобаны іске асыру пәнаралық байланыста білім берудің ғылыми теориясын жетілдіруге, сол арқылы қоғамдағы гендерлік сана мен гендерлік қатынастың жаңа үлгісінің жасалуына, гендерлік қатынастардың жаңа парадигмасының пайда болуына мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру барысында Қазақстандағы гуманитарлық білім саласындағы тағы бір жаңа бағыттың ғылыми тұрғыда негізі қаланады.

          Мақсаты: Жобаның мақсаты - Қазақстан жоғары оқу орындарындағы гендерлік пәндердің мазмұнын пәнаралық аспектіде зерттеу, гуманитарлық саладағы бағыттарының өзара байланысын саралап, жүйелеу. Әлемдегі гендерлік білім берудің  теориялық тәсілдерін салыстыра отырып, Қазақстандағы гендерлік білім берудің ғылыми концепциясын әзірлеп, оқыту тұжырымдамасын дайындау, гендерлік білім беру модулін (тіл, тарих, әдебиет, социология, экономика бағыттары) ұсыну.

          Міндеттері:

          • Жаңа гуманитарлық білімнің негізін тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасындағы гендерлік білім беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын саралап,  гендерлік білім берудің негізгі принциптерін анықтау; 
          • білім берудегі пәндердің өзара ықпалдастылығын зерттеу үшін Қазақстандағы білім беру құжаттарындағы пәнаралық байланыстар мазмұнына ғылыми сараптама жасау;
          • Қазақстандағы гендерлік білімнің пайда болуының тарихын көрсету мақсатында білім ошақтарындағы пәндердің жүргізілуіне хронологиялық зерттеулер жүргізу;
          • гендерлік білім мазмұнындағы пәнарлық байланыстарды анықтау мақсатында оқу бағдарламалары мен силлабустардың мазмұнына ғылыми әдістемелік сараптама жасау, SWOT талдау жүргізу;

          Күтілетін нәтижелер:

          • Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу;
          • ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 6 (алты) мақала немесе шолу;
          • немесе Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе мақала;
          • немесе Web of Science базасындағы Arts and Humanities Citation Index индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу;
          • ҚР ЖОО -ндағы гендерлік пәндер базасы жасалады.
      + Аяқталған жобалар
      • Текущие проекты

        Жоба тақырыбы: Ұлттық әдебиеттегі алаш қозғалысының көрінісі және зиялылар тұлғасы

        Аннотация   

        Әрбір тарихи оқиғалардың сол дәуірдегі ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болып, кеңінен сөз етілетіні бәрімізге белгілі. Қазақ тарихындағы Алаш қозғалысы да, ел мәселелерін шешуде белсене араласқан ұлт зиялыларының іс-әрекеттері де ХХ ғасыр басындағы әдебиетте сипатталмауы мүмкін емес. Рас, алаш рухты ақын-жазушылардың шығармашылығы жекелей әр қырынан барынша зерттелді, әлі де зерттеле беретіні анық. Алайда, осы уақытқа дейін қазақ әдебиеттану ғылымында Алаш қозғалысының ұлттық әдебиеттегі көрінісін арнайы тақырып еткен зерттеулер болған емес.

        Осындай әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелерді ескере келе, жобамызда үлкен екі мәселені көтеріп, сол бағытта жұмыс жасауды көздедік. Біріншісі, қазақ тарихында үлкен орны бар алаш қозғалысының ХХ ғасырдың басындағы көркем шығармаларда сипат алғанын алғашқы болып дәлелдеу, екіншісі, ұлт тағдыры үшін жанын қиған алаш қайраткерлерінің тұлғасын отандық және шетелдік басылымдарда насихаттау.

        Осыған орай жобамыздың басты мақсаты Алаш қозғалысының сипатын ұлттық әдебиетімізден айқындауда ақын-жазушылардың шығармаларындағы деректердің тарихи маңыздылығын жүйелі түрде зерделеу, ұлт зиялыларының тұспалдап жеткізген негізгі ойларын ашып көрсету болмақ. Осы мақсатымызға қол жеткізу үшін орындалуға тиіс міндеттерді жүктедік. Алаш қозғалысына қатысты әдеби мұралар мен қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялыларының тағдыры сипатталған туындылардағы рухани құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі алар орнын жүйелі саралауда әлемдік әдебиеттанудың теориялық қағидалары мен зерттеу әдістемелеріне де сүйенеміз. Сонымен қатар алаш қайраткерлерінің мұраларын жете зерттеуде олардың білім алған және қызмет еткен қалаларындағы мұражай, архив материалдарын қарастыру мәселесі де көзделіп отыр. Жоспарланып отырған міндеттер мен іске асыру жөніндегі іс-шаралар қазақ қоғамының әдеби, тарихи және мәдени саласында ғана емес, сондай-ақ білім беру жүйесінде де маңызы зор.

        Жобаның мақсаты: Алаш қозғалысының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен көрініс табуын айқындауда алашшыл ақын-жазушылардың әдеби мұраларын саралап, шығармаларындағы тұспалды ойларды ашып көрсету, ұлт зиялыларының қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркем бейнесін тарихи тұлғасымен салыстыра отырып жүйелі зерделеу.

        Жобаның міндеттері:

        Қазақ әдебиеттану ғылымы алдында ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен алаш қозғалысының көрінісін айқындау әрі зиялылар тұлғасын бар қырынан таныта түсудің методологиялық принциптерін пайымдау міндеті тұр. Мұның өзі әдеби шығармаларды тарихпен салыстыра талдау барысында зерттеудің неғұрлым жаңа әдістерін кеңінен қолдануға мүмкіндік туғызады. Жоба мақсатына сәйкес төмендегідей алға қойылған міндеттердің тізбесі:

        • ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен Алаш қозғалысының көрінісі сипаталған шығармаларды жүйелі түрде сұрыптау, оларды кезеңдерге бөліп, материалдар жинау;
        • ХХ ғасыр басындағы азаттық идеяның қалыптасуына алашшыл ақын-жазушылар шығармаларының негіз болуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
        • «Айқап», «Қазақ», «Алаш», т.б. ұлттық баспасөзде жарық көрген өлеңдер мен мақалалар негізінде Алаш қозғалысының ұлт тарихындағы орнын ашып көрсету;
        • А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. алашшыл ақындар туындыларындағы ұлт тағдырына қатысты тұспалды ойларды ашып талдау;
        • Алаш қозғалысының ұлт тарихындағы орнын айқындап берген алаш ұранды әдебиеттің негізгі мұратын саралауда ұлт зиялыларының тарихи тұлғасын зерделеу;
        • Ұлттық әдебиеттегі азаттық идеяны өзге ұлттың әдебиетімен салыстыра отырып, маңыздылығы мен өзара үндестігін бағамдау және оны шетелдік ғылыми басылымдарда дәріптеу;
        • Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ұлт зиялыларының тағдыры сипатталған туындылардағы рухани құндылықтардың жастар тәрбиесіндегі алар орнын жүйелі саралау.

        Күнтізбелік жоспар