6B01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
Білім беру
-
Бағдарлама туралы ақпарат
- Онлайн қабылдау 2020-2021
-
Оқыту түрі:
Күндізгі
БББ коды
6B01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Кредит саны:
240 ECTS
Қабылдау бөлімінің байланыс тел.
+ 7 7272 33-18-52
Электронды пошта: info@kazmkpu.kz
Факультетпен байланыс +7 (727) 393-09-83
+7 (727) 393-07-15
Бағдарлама туралы толығырақ
-
Major* - Негізгі білім беру бағдарламасы студенттердің негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында оқуға арналған. ОП стратегиялық серіктестері:
MVSU серіктес ЖОО (3+1) - 3 жыл ҚазҰҚПУ + 1 жыл MVSU = Қос диплом
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты;
- С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
БББ мақсаты - мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі және ерте жастағы балалардың сапалы дамуын қамтамасыз етуге қабілетті коммуникативтік, көшбасшылық қасиеттері, кәсіби құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті маманды дайындау.
Жұмыспен қамтылуы - 100 %:
- мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші;
- мектепке дейінгі дамыту орталығының педагогы;
- қосымша білім беру педагогы;
- жалпы білім беретін мектептің мектепалды сынып мұғалімі;
- педагогикалық колледждің оқытушысы;
- білім беруді басқару департаментінде және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында жетекші маман.
Білім беру бағдарламының рейтингі:
- АРТА – 2 орын, 2019 жыл;
- БСҚБТА – 2 орын, 2017жыл;
- Атамекен -12 орын, 2019 жыл.
Кәсіби қызмет түрлері:
6B01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық):
- мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымның тәрбие-білім беру үрдісін басқару;
- педагогикалық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, тарату.
Қосымша бағдарлама Minor «Мектепке дейінгі даярлық мұғалімі»
Мектепке дейінгі балалардың мектепке түсу үшін тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында білім беру бағдарламасы «Мектепке дейінгі даярлық мұғалімі» қосымша бағдарламасына (Міпог) ие, оның негізгі міндеті болашақ педагогты баланың даму деңгейі мен ерекшеліктерін анықтауға бағытталған жұмысқа дайындау, сондай-ақ оның дамуы мен мектепте табысты оқуға дайындығы үшін қажетті сараланған педагогикалық жағдайларды таңдау.
Minor мазмұнына балаларды мектепте оқуға дайындау әдістемесі, сауат ашу және жазу негіздері, мектепалды сыныпта математиканы оқыту әдістемесі сияқты пәндер кіреді:
Қосымша білім беру бағдарламасы мектеп пен кәсіби қызмет арасында тұрақты байланыс орнатуға ықпал етеді.
Қосымша бағдарламаны меңгеріп, бакалавр келесі оқу нәтижелеріне бағытталған:
-мектепалды даярлық мұғалімін оқыту әдістемесін білу;
-мектепке дейінгі білім беру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы баланың даму деңгейін диагностикалауды білу;
-балалардың іскерліктері мен дағдыларын дамыту мониторингінің нәтижелері негізінде баланың жеке бағытын жобалау;
- мектепте баланы оқыту әдістемесін меңгеру.
Қосымша бағдарлама Minor «Мектепке дейінгі ұйымның психологы»
«Мектепке дейінгі ұйымның психологы» қосымша бағдарламасын (Minor) енгізу қажеттілігі балабақшаларда инклюзивті білім беруді енгізумен ерекше білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын сүйемелдейтін психологтарға қажеттілік туындады.
Қосымша бағдарламаны меңгеруге мектепке дейінгі ұйымдағы психолог қызметінің мазмұны туралы білім қалыптастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен психологиялық жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеру кіреді.
-мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психодиагностикалық тексеру әдістемесін меңгеру.
Қосымша бағдарлама ( Minor) - білім алушыларға қосымша құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында оқу үшін анықталған пәндер және (немесе) модульдер мен оқу жұмысының басқа да түрлерінің жиынтығын білдіреді.