Қалай орын алуға болады
-
Университеттегі өмір
-
Студенттік жатақханадан қалай орын алуға болады
«Университет жатақханасынан орын беру бойынша автоматтандырылған қызмет көрсету» ережесі жатақханаларға орналасу туралы бұйрық
Жатақханадан орын бөлуге өтініш. (жүктеу)
2020-2021 оқу жылына Жатақханаға студенттерді орналастыру бойынша орналастыруға жауапты:
- Өтініш (институт директорлары, жоғары мектеп декандарының атына);
- Декан орынбасарлары;
- Шотыков А.С. – Әкімшілік-шаруашылық департаменті директоры;
- Жатақхана меңгерушілері.
Орналастыру қалай жүргізіледі:
- Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдаған уақытта абитуриенттің «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «жатақханаға мұқтаж» деген графаны толтырады.
- Декан орынбасары «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «декан орынбасары» модуліне кіріп жатақханаға мұқтаж студенттерді белгілеп, медициналық тексеру мен жатақхана ақысын төлегендігі туралы түбіртектерін тексеріп «проректор модуліне» жібереді.
- Әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры А.Шотыков «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «проректор модуліне» кіріп, қай жатақханаға орналастыру керек екенін тексеріп, сол жатақхананың меңгерушісіне электронды түрде қабылдауына жібереді.
- Жатақхана меңгерушісі «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «комендант модулінде» қабылдап, электронды түрде бөлме береді;
- Студент өзінің жеке профайылына кіріп, «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы өзіне берілген бөлмені көре алады.