Хореография және мәдени-тынығу кафедрасы

    •  Кафедра тарихы

      1987 жылы музыкалық білім факультеті жанынан хореография мамандарын даярлайтын бөлім ашылды. Оның басында қазақтың алғашқы кәсіби балетмейстері, ҚР халық артисі, профессор Д.Т.Әбіров тұрды. 1992 жылдан бастап өз алдына жеке «Хореография» кафедрасы болып құрылды. 2006 жылға дейін аталған кафедраны ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Г.Ж.Қарамолдаева басқарып келді. Г.Ж.Қарамолдаева өзі басшылық еткен жылдардан бастап (1991) «Бос уақыттың мәдениеттілігі  ісі»,  «Мәдени дем алу жұмысы» мамандықтарының ашылуына белсене атсалысты. Қаншама  жылын  кафедра жемісі мен болашағына арнаған Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, профессор Г.Ж.Қарамолдаева зейнетке шығып, 2008 жылы кафедра тізгінін п.ғ.к., доцент Ж.Ж.Еңсеповке тапсырды.

      2008-2009 оқу жылы, доцент міндетін атқарушы, ҚР Мәдениет қайраткері Г.Ш.Өмірбаева кафедра меңгерушісі міндетін атқарды.

      2009-2011 оқу жылынан бастап  кафедра меңгерушісі қызметін  п.ғ.д., профессор м.а., ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Білім беру ісінің  құрметті қызметкері М.И.Джексембекова атқарды.

      2011-2012 оқу жылынан бастап Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушілігі қызметін п.ғ.к., доцент Д.О.Қарамолдаева атқарды.

      Хореография кафедрасын көптеген жылдар бойы ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты Т.О.Ізім басқарды. Кейін, мәдениет саласының үздігі Р.Б.Сабдалиева басқарды.

      Кафедрада 2000 жылдың 5 қаңтарында құрылған «Томирис» ән-би ансамблі талантты жастардың шынайы шығармашылықпен, би өнерімен айналысуына университет барлық жағдай жасалынғанын көрсетеді. «Томирис» ансамблінің би жетекшілері Р.Б. Сабдалиева, М.М.Ағабылов.

      2018 жылы хореография мен мәдени – тыныңу жұмысы кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып өнертану кандидаты, доцент Р.Н.Валиуллина. тағайындалды.

      Кафедра жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген, оның ішінде ғылым кандидаттары, Қазақстан Республикасының халық және еңбек сіңірген қайраткерлері. Кафедраның түлектері әртүрлі білім беру және мәдени мекемелерде табысты жұмыс жасайды