«Педагогикалық идеялар алаңы» атты сайыс өтеді



    • «Педагогикалық идеялар алаңы»  атты сайыс өтеді

      «Педагогикалық идеялар алаңы» - «Жайлы мектеп» жобасы аясында болашақ мектептер үшін жаңа формациядағы мамандар қатарынан табылуына септігін тигізетін инновациялық әдістерді насихаттау бағытында жасалған қадам.

      Жаһандық өзгерістерді ескере отырып, оқытудағы геймификация, төңкерілген класс әдісі, проблемалық және жобалық оқыту, фасилитация және ойлау дизайны, case study және тағы басқалар сияқты инновациялық оқыту әдістерін кеңінен қолдану педагогика бағыты бойынша БББ силлабустарында іріктеу өлшемшарттарын енгізумен және бағдарламалардың мазмұнын қайта қараумен жетілдірілуге көметеседі деген ойдамыз.

      Осыған орай, «Педагогика және дидактика», «Педагогика», «Артпедагогика», «Этнопедагогика» пәндерінен педагогикалық бағыттағы студенттер (Педагогика және психология институты, Филология институты, Жаратылыстану институты, Физика, математика және цифрлық технология институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты) үшін тиімді СӨЖ тапсырмаларын орындаудың инновациялық тәсілдері ұсынылады.

      Бөлісу: