«Жаңа тарихи сана қалыптасуы контекстінде Отан тарихын зерттеудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция



    • «Жаңа тарихи сана қалыптасуы контекстінде Отан тарихын зерттеудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция

      2024 жылдың 15 наурызында «Жаңа тарихи сана қалыптасуы контекстінде Отан тарихын зерттеудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесе отырып, көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының құрметіне арналған дәстүрлі «Нұрпейіс оқулары» аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының негізгі бағыттары:

      • Қазақстан тарихы көшпелілер өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде.
      • Отан тарихын зерттеудегі жаңа трендтер және тарихи сабақтастық мәселелері.
      • Тарихи сана қалыптастырудағы гуманитарлық ғылымдардың рөлі.
      • Гуманитарлық пәндерді оқытудағы жаңа әдістер және патриоттық тәрбие беру мәселелері.

      Конференция жұмысына қатысу үшін ұсынылған форма бойынша өтініш пен мақала мәтінін жіберулеріңізді сұраймыз.

      Конференцияға қатысуға шақырылады: ғалымдар, жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары, докторанттар, магистранттар, бакалавриат студенттерінің мақалалары ғылыми жетекшімен бірлескен авторлықта қабылданады.

      Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

      Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2024 жылдың 10 наурызына дейін.

      Өтетін түрі: оффлайн және онлайн форматта

      Басталуы: сағат 10:00.

      Конференция идентификаторы: 947 2923 9306, код доступа: 2020

      Сілтемесі: https://zoom.us/j/94729239306?pwd=RzVLbytUS2YzbVBadVg4VU9LcWht

      Негізгі спикер: тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Демиржи, Сельдчук университеті

      МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      Көлемі 5-8 бетке дейін, MS WORD редакторында *doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

      Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – МАҚАЛА АТАУЫ, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер автордың аты, жылы, қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (Манкеева, 1991: 256). ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Мақала антиплагиатқа тексеріледі.

      Конференция материалдары PDF форматта шығарылады. Мақаланы жариялау тегін

      ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

      Қазақстан, 050000, Алматы қ., Гоголь көшесі 114. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тарих кафедрасы, 413-кабинет. Конференцияға қатысу үшін мақаланың толық мәтінін электронды почтаға жіберу қажет: aigulsmanova123@gmail.com

      Байланыс телефондары: +7 (727) 278-10-24,

      моб.: +7 (771) 452 5741 (Жұбанышов Берік – Бағдарлама көшбасшысы)

      моб.: +7 (701) 776 1168 (Сманова Айгуль)

      ҚОСЫМША 1

      ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

      Тегі Фамилия

      Аты Имя

      Әкесінің аты (толық)

      Ғылыми дәрежесі, лауазымы

      Жұмыс орны (елі, ұйымның толық атауы, кафедрасы)

      Мекен-жай

      Байланыс телефоны

      E-mail

      Cекция

      Бөлісу: