«ҚазҰҚПУ» КеАҚ студенттерін қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама



    •  «ҚазҰҚПУ» КеАҚ студенттерін қоғамдық тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) Университет студенттерін қоғамдық тамақтандыру орындарымен қамтамасыз ету үшін инвестициялар тарту бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

      Жобаның мақсаты: университет студенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Ұлпан» студенттік асханасын жөндеу.

      Қоғамдық тамақтандыру аймағының жобалық қуаты: кемінде 300 (үш жүз) шаршы метр.

      Жобаны іске асыру орны: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, ҚазҰҚПУ.

      Жобаны іске асыру кезеңі – 6 (алты) ай және одан да көп, оның ішінде:

      - жөндеу кезеңі: 6 (алты) ай, объектіні пайдалануға бере отырып, 2024 жылғы 01 қыркүйектен кешіктірмей;

      пайдалану мерзімі: 6 (алты) жыл.

      Инвестордың инвестицияларын (шығыстарын, шығындарын) өтеу – жалға алушының салынған инвестицияларын қайта есептеу үй-жайды жалға алу құнына тең болатындай - ұзақ мерзімді негізде шарт жасасу

      Университеттің байланыс тұлғасы: Елжасов Рустам Науанұлы Тел +7 701 529 59 22

      Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері 22.01.2024 жылдан бастап 31.01.2024 жылға дейін күн сайын 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, № 4 кабинет.

      Әлеуетті инвесторлардың өтінімдері бар конверттерді ашу 2024 жылғы 01 ақпанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114 үй, 1 корпус, № 107 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

      Қатысушылар-уәкілетті өкілдер тұлғасындағы әлеуетті инвесторлар жеке басын куәландыратын құжатты, қатысушының мүдделерін білдіруге сенімхатты немесе қатысушының бірінші басшысының лауазымына тағайындалғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде қатысуға құқылы.

      Бөлісу: