QYZPU 80-жылдығына тарту: математика кафедрасы профессорының оқулығы жарық көрді



    • QYZPU 80-жылдығына тарту: математика кафедрасы профессорының оқулығы жарық көрді

      2023 жылдың 08 желтоқсанында Қазақ ұлтты қыздар педагогикалық университетінде   «Дифференциалдық геометрия курсы» атты оқулықтың тұсау кесері өтеді. Математика білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға және оқытушыларға арналған бұл оқулық Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінен ұсынылып, «Ұлағат» баспасында басып шығарылған. 

      «Дифференциалдық геометрия курсы» оқулығында үш өлшемді Евклидтік кеңістігіндегі қисықтардың және беттердің теориясы, беттің ішкі геометриясы, жазық қисықтардың арнаулы кластары және қисықтардың ерекше кластары қарастырылған.

      Оқыту үрдісін жаңашаландыру мақсатында оқу құралында студенттердің танымдық қызығушылығын және логикалық ойлауын, дербес ғылыми ізденіс қабілетін жетілдіруге бағытталған есептерді шешудің жолдары көрсетілген.

      Оқулық авторы:

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Баян Серікбайқызы Ханжарова.

      Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі, 114. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Бірінші оқу корпусы, 215 Конференция залы.

      Өту уақыты: 14:00-15:30

      Бөлісу: