Құрметті әріптестер!Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауына мектеп және колледж оқушыларын шақырамыз



    •  Құрметті әріптестер!Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауына мектеп және колледж оқушыларын шақырамыз

      2023 жылдың 13 желтоқсан айында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Кәсіптік білім кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ел тұғыры-дарынды ұрпақ» тақырыбында өтетін Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауына мектеп және колледж оқушыларын шақырамыз.

      Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

      • дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көркемдік дайындық деңгейін арттыруға ықпал ету;
      • көркемдік білімнің беделін арттыру;
      • мәдени құндылықтармен таныстыру арқылы қазіргі ұрпақтың өнер саласындағы шығармашылық әлеуетін белсендіру және қалыптастыру;
      • жас таланттарды анықтау және қолдау, сонымен қатар олардың кең ауқымын  көркем шығармашылыққа тарту;

      Республикалық шығармашылық (онлайн) байқауы екі бағытта өтеді:

      І Номинация: Бейнелеу өнері;

      ІІ Номинация: Сәндік-қолданбалы өнер

      Өтетін орны: конференция залы. zoom платформасында

      Конференция идентификаторы: 873 2284 3366

      Кіру коды: 000263

      ZOOM сілтемесі:

      https://us06web.zoom.us/j/87322843366?pwd=9JblSbQytC8CWkhT1iOfhFisyGbo5R.1

      Толық ақпарат хат қосымшада 

      Бөлісу: