Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2, 3, 4 курс студенттерінің назарына!



    • Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2, 3, 4 курс студенттерінің назарына!

      2023-2024 оқу жылында  студенттер үйлерінен орын алу ең алдымен  2023 оқу жылы оқуға қабылданған 1-курс студенттеріне толық берілетінін  және қалған орындар арнайы әлеуметтік категорияға кіретін студенттерге, конкурстық негізде арнайы құрылған комиссия арқылы бөлінетінін хабарлаймыз!

      Әлеуметтік категоряларға келесідей студенттер кіреді:

      1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
      2.  Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      3.  Ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын тұлғалар;
      4.  Қандастар;
      5.  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтамасы бар көпбалалы отбасынан шыққан балалар;
      6. Шетелдік студенттер.

      Жоғарыда көрсетілген категорияға кірмейтін  2, 3, 4 курс білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, Алматы қаласының бірқатар хостелдеріне орналасуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар екенін хабарлаймыз. Ол үшін осы сілтемеден:

      https://forms.gle/zAU9hWBW2im7ySdc9 өту арқылы google форманы толтыруларыңыз керектігін хабарлаймыз!

      Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің

      арнайы әлеуметтік категорияға кіретін студенттердің назарына!

      КОМИССИЯҒА (ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНА)  ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМДЕМЕСІН

      2023 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕ АЙЫНЫҢ 20-НА ДЕЙІН ҰСЫНУЛАРЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ:

      ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІ

      ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР

       
       

      Медициналық - сараптамалық қорытындысы бар мүмкіндігі шектеулі студенттер (бала кезінен мүгедектер)

      1. Жеке куәлік көшірмесі;

      2. Мүгедектігі туралы анықтама;

      3.  Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама

       

      Балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің түлектері

      1.Төлқұжат көшірмесі;

      2. Ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің немесе қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы;

      3. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама

       

      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлыққа алынған білім алушылар, толық жетімдер

      1.Төлқұжат көшірмесі;

      2. Ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің түпнұсқасы;

      3. Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің түпнұсқасы

      4. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтама

       

      Ата-анасы немесе ата-анасының біреуінде мүгедектігі бар білім алушылар

      1.Төлқұжат көшірмесі;

      2.Ата-анасының  мүгедектігі туралы анықтамасы;

      3. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

       

      Шет елдік студенттер

      1. Төлқұжат көшірмесі

      2. Халықаралық қатынастар жөніндегі бөлім басшысынан тізім

       

      18 жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан білім алушылар (АӘК анықтамасы бар)

      1. Жеке куәлік көшірмесі;

      2. Отбасы құрамы туралы анықтама;

      3. Отбасының табысы туралы анықтама;

      4. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын туралы анықтама;

      5.  Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы

       

      Белсенді студенттер

      1. Алматы қаласында үйі, пәтері жоқ деген анықтамасы ;

      2.Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысының қол қойыған тізімі.

       

      Барлық сұрақтар бойынша 8-702-488-68-00 – Айнара хабарласуға болады. Хабарласу уақыты жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында

      Бөлісу: