«Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі»(“The Pedagogical University – School Partnership”) атты ірі ғылыми конференция өтеді



    • «Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі»(“The Pedagogical University – School Partnership”) атты ірі ғылыми конференция өтеді

      2023 жылдың 29-30 мамыр күндері QYZPU-да білім саласындағы жетекші шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен «Педагогикалық университет – мектеп серіктестігі»(“The Pedagogical University – School Partnership”) атты ірі ғылыми конференция өтеді.

      Аталмыш шарада ғалымдар білім беру саласындағы көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылайды. Атап айтсақ: 

      • Білім беру зерттеулері арқылы мектептерді жетілдіру;
      • Болашақ ұстаздар даярлығы мен мектеп тәжірибесі арасындағы алшақтықты жою.

      Сонымен қатар, конференция аясында Lesson study бойынша студенттердің ғылыми постерлері мен QYZPU ғылыми жобаларының байқаулары өтеді. Шетелдік жетекші ғалымдардың қатысуымен өтетін мұндай іс- ірі шаралар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми қызметіне ерекше ықпал етіп, Қазақстан ғылымының дамуына өзіндік үлесін қоспақ. 

      • Конференция  бағдарламасымен  толығырақ төмендегі  сілтемемен  таныса  аласыздар
      • Конференцияға қатысу үшін  төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Google формасын толтырыңыз.

       Тіркеуге өтініштер 26 мамырға дейін қабылданады.

      Бөлісу: