Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай іс-шара өтетінін хабарлаймыз!



    • Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай  іс-шара  өтетінін хабарлаймыз!

      Құрметті ұстаздар, студенттер, оқырмандар!

       23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасында  «Сен де - бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан! »  атты кітапханаға келіп түскен мотивациялық кітаптарды студенттер арасында насихаттау туралы іс-шара ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты: нақты дәлелденген фактілермен жазылған мотивациялық кітаптарды оқыған жастардың ой өрісі жақсы жаққа өзгеріп, қалаған нәрсесін жасауына мүмкіндігі бар. Қоғам қажеттілігінен туындаған мотивациялық кітаптарды студенттер оқып, өмірлік тәжірибелерінде қолдану.

      Іс-шарада  талқыланатын тақырыптар:

      • Күнделікті өмірде адамның көзқарасын өзгертетін немесе мақсатқа жетуге күш беретін кітаптардың маңызы туралы айту.
      • әдемі ойлау;
      • әрекет ету;
      • қыздардың өзін-өзі бағалауы;
      • өзін-өзі дамыту жолдары;
      • креативті ойлау;
      • кітап оқу;

      Мотивациялық  кітаптарға қызығушылық танытып, мақсатқа жетудің жолдарын қалыптастырып жүрген ұстаздар мен студенттерді аталған іс-шараға шақырамыз!

      Өтетін уақыты: 24.04.2023 ж.

      сағат: 15:00

      Өтетін жері: Кітапхана, оқу залы

      Бөлісу: