«Стартап-Томирис» инновациялық жобалар конкурсын жариялайды



    •  «Стартап-Томирис» инновациялық жобалар конкурсын жариялайды

      «Ғылым айы – 2023» аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті білім алушылар арасында «Стартап-Томирис» инновациялық жобалар конкурсын жариялайды.

      Конкурстың мақсаты – Университет білім алушыларының стартап бастамаларын қолдау және дамуын ынталандыру. 

      Конкурсқа қатысушылар: Университеттің 1-3 курс (4 ж.о.) бакалавриат студенттері мен 1 курс магистранттары. Өтінімді беру электронды түрде жүзеге асады. Өтінім беру үшін осы форманы толтыру қажет.

      • Өтінім қабылдаудың басталуы: 19.04.2023 ж.
      • Өтінім қабылдаудың аяқталуы: 13.05.2023 ж.

      Конкурс 2 кезеңде өткізіледі:

      • I кезең (сырттай) – келіп түскен өтінімдерді іріктеу;
      •  II кезең – Конкурсқа қатысушы командалардың стартап жобаларын қорғауы.

      Конкурс жеңімпаздары туралы шешім Конкурстық комиссия тарапынан қабылданады. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлерімен Конкурсты өткізу туралы ережедентаныса аласыздар.

      Конкурсты өткізу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда sciencedepartment@qyzpu.edu.kz электронды поштасына жазуыңызды сұраймыз.  

      Бөлісу: