«ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ» шығармашылық байқауын жариялаймыз!



    • «ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ»  шығармашылық байқауын жариялаймыз!

      Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-4 курс студенттері!

       «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР МЕН ӨНЕРЛІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ  АРАСЫНДА 2022 жылдың сәуір-маусым аралығында ұйымдастырылған  «ЕҢ ҮЗДІК СУРЕТ» жанры бойынша шығармашылық байқау қорытындысы ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА өтетінін хабарлаймыз!

      САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы және жастарды шығармашылық жолға бағыттау. Байқау балалар дүниетанымындағы ашық және еркін тақырып бойынша өткізілді.Шығарманың негізгі идеясын сурет күйінде беру, суреттер қанық түсті, балалар қызығатындай кейіпкерлердің киім үлгісін заман талабына сай етіп көрсету.

      Шығармашылық қабілеттерімен бөліскісі келетін барлық қатысушылар өз жұмыстарын тапсырып үлгерулеріне болады.

      Тіркеу 2022 жылдың 10 желтоқсанға дейін ашық.

      ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ: Тұлға дамыту департаменті.

      Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

      Комиссия мүшелері номинациялар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды. Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарға Бас жүлдеге - Qazaq Republic брэндінің свитшоты; I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

      Бөлісу: