Құрметті  мектеп  оқушылары! Республикалық пәндік  олимпиадасы  өткізіледі!



    • Құрметті  мектеп  оқушылары!  Республикалық пәндік  олимпиадасы  өткізіледі!

      Құрметті  мектеп  оқушылары! «Білім шыңы-2022» атты  физика,   математика және информатика пәндерінен 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік  олимпиадасы  өткізіледі!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университеті, физика, математика және цифрлық технологиялар институты оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға қызығушылығын дамыту және дарынды оқушыларға қолдау көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында еліміздің білім беру мекемелерінің 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Білім шыңы-2022» атты физика, математика және информатика пәндерінен онлайн форматта олимпиада өткізеді.

      Олимпиада екі кезеңнен тұрады:  бірінші кезеңде физика, математика және информатика пәндері бойынша тест сұрақтары, екінші кезеңде осы пәндерден бақылау жұмыстары алынады.

      Бірінші кезең 11 сәуір күні сағат 14:00-ден 15:00 аралығында өткізіледі.

      Екінші кезең 14 сәуір күні сағат 10:00-ден 13:00 аралығында өткізіледі.

      Олимпиаданың I, II кезеңі онлайн форматта прокторинг арқылы жүргізіледі, https://zoom.us/ платформасы: идентификаторы 859 3113 3174 коды: 052293. Әрбір қатысушымен бірге растаушы құжаттары болуы міндетті.

      Олимпиадаға қатысу үшін 2022 жылдың 10 - сәуіріне дейін https://forms.gle/cy6vzC9d9yELDaNa9  сілтемесі арқылы тіркелуі керек.

      Олимпиаданың комиссия мүшелері: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары.

      Олимпиада нәтижелерін қорытындылау: Олимпиаданың қорытындысы университет сайтында  kazmkpu.kz жарияланады.

      Жеңімпаздар әрбір пән бойынша марапатталады:

      • 1 орын – 3 қатысушы (әр пән бойынша 1 қатысушы);
      • 2 орын – 3 қатысушы (әр пән бойынша 1 қатысушы);
      • 3 орын – 3 қатысушы (әр пән бойынша 1 қатысушы).

      2 кезеңге өткен әрбір қатысушының жетекшілеріне Алғыс хат табысталады.

      Сұрақтар бойынша: Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 99. Физика кафедрасы, 412, 414 кабинеттер. Тел.: 8 777 643 5622, 8 (727) 237-00-23; ішкі – 4122.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: