Университет ректоры Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады



    • Университет ректоры Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

       АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы Қанай оқу орны ұжымы мен білім алушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

       

      Құрметті әріптестер!

      Сіздерді бар игілігіміздің бастауы, ең киелі құндылығымыз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 30 жыл толды.

      Осыдан 30 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, азаттығын жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, айбыны асқақ мемлекет.

      Расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де мәртебесі биік асыл ұғым болып саналады.

      Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – салиқалы саясат пен ішкі бірліктің нәтижесі.

      Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты – азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – егемендіктің тұғырын баянды етіп сақтау.

      Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбекте табыс тілеймін!

      Құрметпен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: