Университет ректоры ұжымға алғыс білдірді



    • Университет ректоры ұжымға алғыс білдірді

      АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының дамуына қосқан зор үлесі мен белсенді қызметі үшін бірқатар профессор-оқытушы мен қызметкерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

      Сондай-ақ салтанатты рәсім барысында Университет басшысы ұжымды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

      Құрметті әріптестер! Баршаңызды Ұлы Даланың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әр ұлт, әр халық үшін егемендіктен артық қастерлі де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 30 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, азаттығын жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, айбыны асқақ мемлекет. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы табысы – салиқалы саясат пен ішкі бірліктің нәтижесі. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың сан ғасырлар бойғы мақсаты – азаттықты аялау болса, біздің асыл мұратымыз – егемендіктің тұғырын баянды етіп сақтау. Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс тілеймін, – деді Университет ректоры

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: