Республикалық пәндік олимпиада өтеді



    • Республикалық пәндік олимпиада өтеді

      АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. Баспасөз орталығы – «Тәуелсіздіктің тұғыры – дарынды ұрпақ». Осындай атаумен 21 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық олимпиада өтеді.

      «Көркем еңбек» пәні бойынша өтетін білім сайысына еліміздегі мектеп оқушылары қатысады.

      Олимпиаданы өткізу тәртібі 3 кезең бойынша жүргізіледі.

      I тур – «Көркем еңбек», «Графика және жобалау» білім беру бағдарламасына негізделген тест тапсырмалары орындалады. Алғашқы кезеңнен өткен қатысушылар келесі айналымға жолдама алады.

      II тур – «Визуалды өнер», «Сәндік-қолданбалы өнер» және «Дизайн технологиясы» бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстар орындалады.

      III тур – әрбір қатысушы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өздері таңдаған тақырыпқа орай дәстүрлі және заманауи өнер туындылары бойынша ғылыми жоба нұсқасын таныстырады.

      Үш турдан ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпазы болып танылады.

      Жүеңмпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталмақ.

      Zoom сілтемесі:

      https://zoom.us/j/92933053599?pwd=WlpSYlo0UHdSdytnYVVMZGF6REJGdz09

      Идентификациялық нөмірі: 929 3305 3599

      Коды: 3030

      «Тәуелсіздіктің тұғыры – дарынды ұрпақ» пәндік олимпиадасының ақпараттық хаты мына жерде.

       Ақпараттық хат

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: