Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №33



    • Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №33

      АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. Баспасөз орталығы 2021 жылғы 30 қараша – 3 желтоқсан аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.

       

      30.11.2021

      АЛМАТЫ

      Түбі бір туысқан халықпен ынтымақтастық артады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынжы арнайы іс-сапармен келді. Дипломат оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанаймен кездесіп, өзара ынтымақтастықты арттырудың тетіктерін талқылады.

      *****

      ФИНЛЯНДИЯ

      – Университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова мен Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы Марина Қабышева Финляндияның ХАМК университетінде біліктілігін жетілдірді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Назарбаев Университетінің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

      *****

      ФИНЛЯНДИЯ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Финляндияның JAMK қолданбалы ғылымдар Университетімен және HAMK қолданбалы ғылымдар Университетімен үшжақты ынтымақтастық меморандум жасады. Құжат академиялық, әкімшілік және оқу мәселелері бойынша әріптестікті, біліктілікті арттыру және бағдарламалар бойынша дәреже алу, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықты қарастырады.

      *****

      АЛМАТЫ

      «Неге ұстаз мамандығын таңдадым?» Осындай атаумен бүгін Университетте «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының иегерлерімен III аймақтық воркшоп өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қоғамдық маңызды жобаларды дамыту қоры және «GL talimger» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен жиында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай алғы сөзбен ашып, бастаманың маңызы туралы айтты.

      *****

      АЛМАТЫ

      Университет студенті әлемдік жарыста ел намысын қорғауда! Оқу орнының 1 курс студенті Лаура Кабулбекова Тайландтың Пхукет қаласында байрағын көтерген жағажай волейболынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрама командасы сапында өнер көрсетуде.

       

      01.12.2021

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының ұжымы мен білім алушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

       

      02.12.2021

      АЛМАТЫ

      Заманауи мектепке дейінгі білім беруде нендей жаңашылдықтар бар? Оның даму векторлары қандай? Осы сауалдарға жауап іздеу мақсатында Университетте халықаралық жиын өтті. Ел егемендігінің 30 жылдығына арналған онлайн форматтағы басқосуға педагогтер, білім беру саласының менеджерлері және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, өзара пікір алмасты.

      *****

      АЛМАТЫ

      Парсы тілінен пәндік олимпиада өтті.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірқатар оқытушысы мен қызметкері кәсіподақ ұйымының төсбелгісімен марапатталды. Марапаттарды Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай табыстады.

      *****

      АЛМАТЫ

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің Университеттің басты бағыттарының бірі. Оқу орнында жемқорлықты түбегейлі жою және академиялық адалдықты сақтау жаңа бағытта жұмыс істеуде. Бұл ретте студенттік қоғам да өз үлестерін қосуда. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жастар форумында да осы мәселе жан-жақты таразыланды.

       

      03.12.2021

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Паралимпиада ойындарының жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге Еуропа пара-таеквондо Чемпионатының чемпионы, Қазақстанның спорт шебері Камиля Досмалова, Қазақстан Паралимпиадалық Спартакидасының жеңімпазы, пара-таеквондошы Нұрбек Жұмақан және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі спорт майталманы Мұстафа Өзтүріктің шәкірті,  таеквондошы Сұлтанмахмұт Шоқбытов қатысты.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Күнтізбедегі ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып өткенге көз жүгірту, істеген істі сараптау – болашақты бағдарлаудың тиімді жолы. 80 жылдық тарихы бар біздің Университет үшін 2021 жыл елеулі жаңалықтар мен айтулы оқиғаларға толы жыл болды. Осы жылы оқу орнында қандай жұмыстар еңсерілді? Нендей жаңашылдықтар енгізілді? Сапалы ұстаз мамандарын даярлау бағытында келешекке деген қандай жоспарлар бар? Осы және өзге де сауалдарға Университеттің Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асан бірқатар жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған сұхбатта жан-жақты жауап берді.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Өмірге құштарлық. Жігері жасымаған жандар. Темірдей төзім. Университет студенттері Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде осы ұғымдардың мәні мен мағынасын терең ұғынды.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: