Оқытушылардың бейне дәрістері мен сабақтары қолжетімді бола түсті



    • Оқытушылардың бейне дәрістері мен сабақтары қолжетімді бола түсті

      АЛМАТЫ. 25 қараша. Баспасөз орталығы – Университет оқытушылары мен ғалымдарының бейне дәрістері мен сабақтары қолжетімді бола түсті. Арнайы кешенді жоспар негізінде бүгінге дейін 130-дан астам бейне дәріс оқу орнының You Tube желісіндегі ресми арнасына орналастырылды.

      Бұл қашықтан оқитын білім алушыларға шектеусіз және ыңғайлы режимде білім беру бағдарламасын игеруге мүмкіндік береді.

      Осылайша студенттер өзіне ыңғайлы кез келген жағдайда қажетті ақпараттарды ала алады.

      Біздің Университет курстардың мазмұны мен платформасын үнемі жетілдіріп отырады. Қашықтан білім алушылар үшін жетекші оқытушылар мен ғалымдар видео және аудио материалдар қолданады.

      Біз алдағы уақытта бейне дәрістер базасын толықтыра беретін боламыз.

      Бейне сабақтарды мына жерден көре аласыз.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz