Университет оқытушыларының деректер базасы жасалды



    • Университет оқытушыларының деректер базасы жасалды

      АЛМАТЫ. 25 қараша. Баспасөз орталығы – Университет оқытушылары туралы ақпарат қолжетімді бола түсті. Оқу орның ресми интернет-ресурсында ұстаздар мен ғалымдардың арнайы деректер базасы жасалды.

      Ақпараттар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде бірыңғай нұсқада берілген.

      Веб-сайтқа университеттің 22 кафедрасындағы 397 оқытушының білімі, өмірбаяны, зерттеу аясы, зерттеу жобалары, ғылыми басылымдарға шыққан мақалалары, қоғамдық қызметі мен байланыс ақпараты жарияланған.

      Деректер базасы сайттың басты бетіндегі «Оқытушылар» категориясында орналасқан.

      Бұл – оқу орнының интернет-ресурсының тиімділігін, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты уақыт талабына сай дамыту мақсатында жасалып отыр.

      Веб-сайтты жаңғырту жұмыстары бірнеше кезеңді қамтиды.

      Жаңа дизайндағы сайт сапалы ақпараттық толықтырылуымен, көрсетілген ақпараттың өзектілігімен, құрылым бойынша деректердің нақтылығымен және толық байланыс деректерін ұсынуымен ерекшеленбек.

      Бүгінде интернет-ресурс 3 тілде қызмет етеді және көзі нашар көретіндерге арналған нұсқасы бар. Ақпаратты 5 әлеуметтік желіде бөлісуге болады.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz