Университет Орталық Азия елдеріндегі білім беру көрмелеріне қатысуда



    • Университет Орталық Азия елдеріндегі білім беру көрмелеріне қатысуда

      БІШКЕК. 22 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Бішкекте өткен «Қазақстанның білім беру күндері» көрмесіне қатысты.

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығының» ұйымдастыруымен өткен іс-шарада сондай-ақ еліміздің 20-ға жуық іргелі жоғары оқу орны таныстырылды.

      Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған көрмеде оқу ордаларының өкілдері елімізде жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы кеңестер берді.

      Сондай-ақ шарада қазақстандық университеттердегі колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша жан-жақты мәліметтер айтылды.

      Көрме-жәрмеңке қырғызстандық білім алушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

      Алдағы уақытта осы тақілеттес көрме Өзбекстан астанасы Ташкенте де ұйымдастырылмақ.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz