Магистратура және докторантураға түсушілердің назарына!



    • Магистратура және докторантураға түсушілердің назарына!

       АЛМАТЫ. 28 қазан. Баспасөз орталығы – Құрметті магистратура және докторантураға түсушілер! Біз бүгін Сіздерге маңызды ақпараттарды ұсынамыз. 

       

      Өтініштерді қабылдау мерзімі: 1-12 қараша аралығы

      Магистратураға түсу емтиханы: 13-15 желтоқсан аралығы

      Докторантураға түсу емтиханы: 18 қараша – 11 желтоқсан аралығы

       

      Магистратураға түсушілерге қажетті құжаттар тізімі:

       еркін нысандағы өтініш;

      білім туралы құжат (диплом қосымшасымен); 

      сертификат КТ

      жеке басын куәландыратын құжат (2 дана); 

      медициналық анықтама 075 және QR кодымен флюорогафия;

      А5 конверт, скоросшиватель, файл;

      еңбек кітапшасы нотариуспен бекітілген;

      3x4 сурет CD дискімен (6 дана);

      түбіртек.

      *Ескерту: Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

       

      Докторантураға түсушілерге қажетті құжаттар тізімі:

      еркін нысандағы өтініш; 

      білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы); 

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет); 

      • шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System Academic (IELTS  Academic, шекті балл – кемінде 5,5), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language paper-based testing, (TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453), Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), Test de Franзais international ™ (TFI – оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue franзaise (DELF, B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, В2 деңгейі), Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл); 

      № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама. 

      Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар туындаған кезде осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады. 

      3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат; 

      соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар); 

      алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)

      *Ескерту: Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

       

      Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: +7 (727) 237-00-61

      e-mail: admission@qyzpu.edu.kz  

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: