Университет оқытушысы бірнеше байқаудың жеңімпазы атанды



    • Университет оқытушысы бірнеше байқаудың жеңімпазы атанды

       АЛМАТЫ. 30 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Айнұр Өмірзақтың шығармашылық жұмысы халықаралық және республикалық байқауларда үздік деп бағаланды.

      Қылқалам шеберінің «Кең дала» атты туындысы «Туған жерім – тұғырым» жобасы аясында ұйымдастырылған кәсіпқой суретшілердің халықаралық пленэрінде бірінші орынға лайық деп танылды.

      Сондай-ақ Айнұр Өмірзақтың «Тәуелсіздік таңы» жұмысы «Тіл және Тәуелсіздік» атты республикалық байқауда екінші орынға ие болды.

      – Бейнелеу өнерінің адам баласының заманауи рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері жеке өнер саласы емес, ол бірнеше өнердің өмірге келуіне себепкер болған бейнелеу өнерінің атасы десек те болады, – дейді қылқалам шебері.

      Айнұр Өмірзақтың шығармашылық жұмыстары Германия, Франция, Түркия, Ресей сынды мемлекеттердің көрме залдары мен жеке коллекцияларында орын алған. Ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.

      2004 жылдан бері түрлі деңгейдегі халықаралық көрмелерге қатысып келеді.

      Бүгінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Кәсіптік білім кафедрасының оқытушысы болып еңбек етеді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

       

      Бөлісу: