Студенттер арасында жалпыуниверситеттік байқау өтеді



    • Студенттер арасында жалпыуниверситеттік байқау өтеді

      АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Құрметті білім алушылар! Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері арасында эссе жазудан байқау өтетінін хабарлаймыз.

      Алғаш рет ұйымдастырылып отырған шығармашылық сайысқа оқу орнының барлық курс студенттері қатыса алады.

      Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесінің болашақ мамандар арасында артуына ықпал ету, білім алушылардың шығармашылық, зерттеушілік және ойлау қабілетін дамыту.

       

      БАЙҚАУ ӨТЕТІН МЕРЗІМ

      • Күні: 30.09.2021

       

      • Уақыты: 10:30-11:30 аралығы (тіркеу: 10:00)

       

      • Өтетін орны: L 1 және L 2 аудиториялары

       

      БАЙҚАУ ШАРТЫ

      • Эссе 700 сөзден аспауы тиіс

       

      • Шығарманы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазуға болады

       

      • Эссе жазуға берілетін уақыт: 40 минут

       

      ЖҮЛДЕ ҚОРЫ

      • I-орын – 50 000 теңге

       

      • II-орын – 30 000 теңге

       

      • III-орын – 20 000 теңге

       

      БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

      Телефон: +7 727 237 00 09; +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

       

      Шығармашылық мүмкіндігіңді байқап көр, болашақ педагог!

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

       

      Бөлісу: