Қыздар университетінде «Ұстазға алғыс!» акциясы бастау алды



    • Қыздар университетінде «Ұстазға алғыс!» акциясы бастау алды

       АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. Баспасөз орталығы Құрметті достар! Өз ұстаздарыңа алғыс білдіріп, құрметіңді білдіргің келсе мүмкіндікті жіберіп алма! Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушылары арасында «Ұстазға алғыс!» челленджі бастау алды.

      Жалпыуниверситеттік акцияға қатысуы үшін студент, магистрант немесе докторант Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы #ұстазғаалғыс#ұстаздаркүніҚызПУ хэштегтерін пайдалана отырып, жазбаша, фото немесе видео түріндегі құттықтауды жариялау қажет.

      Акцияның басты мақсаты – әлемдегі ең мәртебелі мамандық иелерінің адал еңбегі мен қажырлы қызметіне алғыс білдіру.

      Челленджге университет қабырғасында оқып жүрген білім алушылармен қатар түлектердің де қатысуға мүмкіндігі бар.

      Ең үздік деп танылған құттықтау авторларына естелік сыйлықтар табысталады.

      Мереке қарсаңындағы акция 3 қазанға дейін жалғасады. Акция жеңімпаздарын марапаттау 4 қазан күні өтеді.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: