Университет оқытушылары үздік білім беру бағдарламаларын даярлауға қатысады



    • Университет оқытушылары үздік білім беру бағдарламаларын даярлауға қатысады

       НҰР-СҰЛТАН. 27 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Бүгін елордада «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру» бағдарламасы өз жұмысын бастады.  

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев Университеті және Финляндияның HAMK Häme University of Applied Sciences Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған шара 27 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткізілмек.

      Дүниежүзілік Банктің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша бастау алған жиынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың жетекшілігімен оқу орнының бірнеше профессор-оқытушылары да қатысуда.

      Екі апталық оқыту педагогикалық білім беру моделін жақсартуға және еліміздегі педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған.

      «Педагогикалық білім берудің мазмұны мен нысанын жетілдіру» атты жобаның екінші кезеңінде қатысушылар Қазақстандағы педагогикалық бағыттағы 30 үздік білім беру бағдарламасын әзірлейді.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz  

      Бөлісу: