Университет ғылыми кеңесінің отырысы өтті



    • Университет ғылыми кеңесінің отырысы өтті

      АЛМАТЫ. 28 мамыр. Баспасөз орталығы –  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми кеңесі мен ректоратының кезекті мәжілісі өтті. Оқу орнының құрылымдық бөлім басшылары, жоғары мектеп пен институттардың директорлары және кеңес мүшелері қатысқан алқалы жиынның күн тәртібінде үш негізгі және тоғыз әртүрлі мәселе қарастырылды.

      Кеңес жұмысын университеттің Басқарма төрағасы – ректоры міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков ашып, жүргізіп отырды.

      Жиында оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова университеттегі кәсіби бағдар беру жұмыстары туралы жан-жақты есеп берді.

      Сонымен қатар басқосуда Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қымбат Балажанова «Университеттің ғылыми-педагогикалық құрамының 2021-2022 оқу жылына арналған кредиттік оқыту технологиясы негізінде педагогикалық жүктемелерін жоспарлардың ережесін бекіту туралы», бас экономист Маржан Исаева «Бюджеттен тыс қаражатты пайдалану тәртібін айқындау туралы», Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Мөлдір Абдраимова «Магистратура және докторантура деңгейлері бойынша жаңа және жаңартылған білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын бекіту туралы» баяндады.

      Кеңес жұмысын Нұрғали Аршабеков қорытындылап, күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешімдерді кеңес талқысына салды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: