Халықаралық жазғы мектеп өтеді



    • Халықаралық жазғы мектеп өтеді

       АЛМАТЫ. 27 мамыр. Баспасөз орталығы – «Болашақ үшін жобалаймыз және зерттейміз». Осындай атаумен 2021 жылғы 15-17 маусым аралығында Халықаралық жазғы мектеп өтеді.

      Іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебі мен Ресейдің Шолом-Алейхем атындағы Приамурск мемлекеттік университетінің мұрындық болуымен ұйымдастырылмақ.

      Жазғы мектептің мақсаты – жобалаудың және зерттеудің нақты тәжірибесін ұсыну, педагогтар мен балалардың зерттеу жұмыстарын талдау.

      Шараға мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.

      Бірнеше бағыт бойынша өтетін халықаралық жазғы мектеп жұмысы аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

      «Болашақ үшін жобалаймыз және зерттейміз» атты жазғы мектеп туралы толығырақ ақпаратпен мына жерден таныса аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: