Арнайы медиа жоба жүзеге асырылуда



    • Арнайы медиа жоба жүзеге асырылуда

       АЛМАТЫ. 25 мамыр. Баспасөз орталығы – «Qazaq» республикалық газеті мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірлесуімен «ҚызПУ-дың танымал ғалымдары» атты танымдық медиа жоба бастау алды.

      Мақсат – еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын бірден-бір іргелі оқу орнының ғылыми әлеуетінің артуына және қарашаңырақ қабырғасында ұзақ жылдар бойы үздіксіз маман даярлауға елеулі үлес қосып келе жатқан білікті ғалымдар мен оқытушылардың еңбегін жан-жақты насихаттау.

      – Әр апта сайын беделді басылымның сайты мен газеттік нұсқасында оқу орны ғалымдарының отандық ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі турасында, ғылыми жаңашылдықтары мен еңбектері жайында танымдық мақалалар сериясы жарық көрмек. Ғалымдар мен оқытушыларды бірнеше категория бойынша іріктеп алып, арнайы тізімі де жасақталды, – деп атап өтті жоба авторы, Қыздар университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, журналист Жандар Асан.

      Айта кетейік, күні бүгінге дейін аталған жоба шеңберінде физика-математика ғылымдарының докторы, академик Айнагүл Ершина мен педагогика ғылымдарының докторы , профессор Сайра Жиенбаева туралы материалдар жарыққа шықты.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: