WEEKEND: Кітап оқитын адам – табысты адам



    • WEEKEND: Кітап оқитын адам – табысты адам

      АЛМАТЫ. 23 мамыр. Баспасөз орталығы Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді. Табысты әрі білімді адамдардың өзгелерден басты артықшылығы – кітап оқиды.

      Демалыс күндері өзіңізге кітап оқуға ыңғайлы әрі әдебиеттер қоры мол арнайы сайт іздеп жүрген болсаңыз, мына онлайн кітапханаларды ұсынамыз:

      1. «Артефакт»

      http://artefact.lib.ru/library/

      Бұл сайтта түрлі авторлардың 9 мыңнан астам кітабы жинақталған және олар 33 тілде берілген.

      2. «Самолит»

      https://samolit.com/

      Бұл сайтта сіз сүйікті кітаптарыңыздан өз жеке кітапханаңызды жасай аласыз. Сонымен қатар өз кітабыңызды жариялауға да мүмкіндік бар.

      3. «Куб»

      https://www.koob.ru/

      Бұл сайттың категорияларды таңдау мәзірі өте ыңғайлы. Өзіңізге қызықты жанрдағы кітаптарды оп-оңай табасыз.

      4. «Альдебаран»

      https://aldebaran.ru/

      Бұл сайтта электронды ғана емес, сондай-ақ аудиокітаптардың мол қоры бар.

      5. «КиберЛенинка»

      https://cyberleninka.ru/

      Бұл сайттың басты артықшылығы – ғылыми кітапхана. Сервистің алға қойған басты мақсаты да сол – ғылымды танымал ету.

       

      Миымызды дамыту үшін кітап оқиық, достар!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: