Білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді



    • Білім алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

      АЛМАТЫ. 21 мамыр. Баспасөз орталығы – «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқали Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттерімен кездесу өткізді.

      Мақсат – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті жұмысты еңбекпен өтеуін қадағалау мен оған бақылауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру гранты мен ауылдық квота бойынша оқуға түскен 2020-2021 оқу жылының бітіруші түлектері мен білім алушыларын міндетті үш жылдық өтеуге байланысты жан-жақты ақпараттандыру.

      Zoom платформасында және Қыздар университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өткен шараларға оқу орнында мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын студенттер мен биылғы бітіруші түлектер қатысты.

      Бірнеше күнге созылған кездесулер барысында университеттің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, кәсіби бағдар мен мансап орталығының басшысы Әсел Алшынова да қатысып, білім алушылар тарапынан түскен сауалдарға кеңінен жауап берді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: