Ж. Асан: Мақсатымыз – әрқашан алдыңғы орында болу



    • Ж. Асан: Мақсатымыз – әрқашан алдыңғы орында болу

      АЛМАТЫ. 9 сәуір. Баспасөз орталығы – Қыздар университетінің баспасөз қызметі тағы да үздік атанды! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштері бойынша үздік атанып, қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы рейтингте екінші орынға ие болды.

      Мониторингті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізді.

      Рейтингке мемлекеттік, салалық және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.

      Айта кетейік, Қыздар университеті бұған дейін де осы тарапта жүргізілген рейтингтерде әрқашан көш басында болып келеді.

      Бұл – жүйелі әрі сауатты жұмыстың нәтижесі.

      Сараптама барысында оқу орнының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген имидждік материалдар саны басты назарға алынған.

      Мониторинг әр екі апта сайын жүргізіледі және оның нәтижесі ведомствоның жиынында жарияланып отырмақ.

      – Университеттің ақпараттық-имидждік саясатын тиісті деңгейде бағалап, қолдау көрсетіп отырған Білім және ғылым министрлігіне алғыс айтамыз.  Мақсатымыз – білім және ғылым саласында жасалып жатқан жұмыстарды жан-жақты ақпараттандыру, оқу орнының қоғамдағы имиджін көтеру. Біздің миссия осы тараптағы рейтингтерде әрдайым алғы шепте болу. Оқу орнының беделін арттыру бағытында әрдайым сапаға мән береміз, – деп атап өтті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: