Докторантураға қабылдау электрондық форматта жүргізіледі



    • Докторантураға қабылдау электрондық форматта жүргізіледі

      АЛМАТЫ. 9 сәуір. Баспасөз орталығы – Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

      Пандемияға байланысты студенттер мен магистранттарға қорытынды жұмыстарын онлайн форматта қорғауға рұқсат етілді. Егер дипломдық жұмыс немесе магистрлік диссертация онлайн форматта қорғалған болса, студенттерден «мөр» мен «қолтаңба» талап етудің қажеті жоқ.

      Сонымен қатар енді барлық докторлық диссертация желіде трансляциялау арқылы онлайн-режимде қорғалатын болады. Бұл ғылыми жұмыстарды қорғау рәсімінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: