Биыл ҰБТ-дағы шекті балл қандай болмақ?



    • Биыл ҰБТ-дағы шекті балл қандай болмақ?

       НҰР-СҰЛТАН. 9 сәуір. Баспасөз орталығы – Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75-ке дейін ұлғайтылды.

      Бұған дейін педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу үшін шекті балл 50 болған. Осы мамандыққа мықты түлектерді қабылдау мақсатында 2021 жылы ҰБТ-ның шекті балы 75 балға дейін көтерілді.

      Өткен жылы педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны шамамен 2 есеге артты. Ал педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түскендердің орташа балы 90 балға жетті. Бұл педагог мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді.

      Болашақ мұғалімдерді ынталандыру үшін олардың стипендиясы 42 мың теңгеге дейін өсті. Қазір педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер ең жоғары шәкіртақы алады.

      Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын 2 есеге арттыруды тапсырған болатын.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: