2021 жылы ҰБТ қалай өтеді?



    • 2021 жылы ҰБТ қалай өтеді?

       НҰР-СҰЛТАН. 9 сәуір. Баспасөз орталығы – Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электронды форматта өтеді. Яғни, сынақ «Бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылмақ.

      Тағы бір жаңашылдық, үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсырып, үздік нәтижемен мемлекеттік грант конкурсына қатыса алады. Сондай ақ талапкер тестілеу пункті мен тапсыру күнін өзі белгілеп, сәуір мен маусым аралығындағы ыңғайлы уақытты таңдайды.

      Тест нәтижесі ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден жарияланады. Қандай да бір келіспеушіліктер болса, тест аяқталған соң жарты сағат ішінде аппеляцияға беруге болады.

      Сынақ тапсыру уақыты – 4 сағат. Талапкерлер сағат сайын 15 минут үзіліс жасай алады.

      Оқушыға ыңғайлы болу үшін, компьютер экранында калькульятор мен Менделеев кестесін пайдалануға рұқсат. Ұлттық тестілеу орталығы 25 тамызға дейін барлық бейнежазбаларды қайта қарайды. Тыйым салынған көмекші құралдарды пайдаланғаны анықталса, талапкердің тест нәтижесі жойылады.

      Санитарлық талаптарға сәйкес, ведомство өкілдері ата-аналарды бұрынғыдай тест тапсыру пункіне бармай, education.kz сайты арқылы онлайн бақылауға шақырады. 

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: