«Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Рафиқа Нұртазина



    • «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Рафиқа Нұртазина

      АЛМАТЫ. 3 наурыз. Баспасөз орталығы – Рафиқа Нұртазина – көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз. 1921 жылғы 8 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін үздік бағамен бітірген.

      Рафиқа Нұртазина 1921 жылғы 8 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген. 1949 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетіне түсіп, оқу орнын 1951 жылы үздік бағамен бітірген.

      1951 – 1971 жылдары аралығында Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі және директоры болып еңбек етті.

      Рафиқа Бекенқызы 1973 – 1978 жылдары Қазақстан педагогикалық қауымдастығы Республикалық кеңесі президиумының төрайымы болып сайланып, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысты.

      Ол – педагогика ғылымдарының кандидаты. 300-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 15 кітап пен оқулығы орта мектептерге арналған.

      Р. Нұртазина Қазақстанның халық ағарту жүйесінің озаты, көрнекті ғалым, жаңашыл-педагог, қоғам қайраткері.

      Білікті ұстаз, талантты ғалым «Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалімі», «Социалистік Еңбек Ері», «Алматы қаласының құрметті азаматы» атақтарының иегері. Сонымен қатар «Ленин» орденімен, «Орақ пен балға» Алтын медалімен, екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Президиумының, оқу-ағарту Министрлігі мен КСРО ПҒА-ның «Құрмет грамоталарымен», Қазақ КСР Білім Министрлігінің «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

      Рафиқа Нұртазина шын мәнінде «ұстаздардың ұстазы» болды. Өзінің сүйікті ісіне 60 жылға жуық өмірін арнады. Оның шәкірттері ондаған мыңнан асады. Бүгінде олар Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: