«Универіңді таны!» жобасы: Университеттің ғылыми әлеуеті



    • «Универіңді таны!» жобасы: Университеттің ғылыми әлеуеті

      АЛМАТЫ. 1 наурыз. Баспасөз орталығы – Ғылым – мемлекет дамуының басты факторларының бірі. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті педагог кадрларын даярлап қана қоймай, іргелі ғылымды дамытуға да елеулі үлес қосып келе жатқан оқу орны.

      Білім ордасында 500-ден астам жоғары санатты профессор-оқытушы қызмет атқарады. Олардың басым бөлігін білікті ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, PhD докторлары мен магистрлер құрайды.

      Сонымен қатар университетте заманауи құралдармен жабдықталған зертханалар кешені, диссертациялық кеңестер, студенттік ғылыми қоғам, Жас ғалымдар кеңесі, Әлеуметтік-гендерлік ғылыми-зерттеу институты және «Хабаршы» ғылыми журналы бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: