ҚызПУ: баспасөз қызметі тағы да көш басында



    • ҚызПУ: баспасөз қызметі тағы да көш басында

      АЛМАТЫ. 26 ақпан. Баспасөз орталығы – Қыздар университетінің баспасөз қызметі тағы да үздік атанды! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштері бойынша үздік атанып, қазақстандық ЖОО арасындағы рейтингте 139 баллдық көрсеткішпен екінші орынға ие болды.

      Мониторингті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізді.

      Рейтингке мемлекеттік, салалық және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.

      Айта кетейік, Қыздар университеті бұған дейін де осы тарапта жүргізілген рейтинтерде көш басында болып келді.

      Сараптама барысында оқу орнының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген имидждік материалдар саны басты назарға алынған.

      Мониторинг әр екі апта сайын жүргізіледі және оның нәтижесі ведомствоның жиынында жарияланып отырмақ.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: