«Универіңді таны!» жобасы: Жатақханалар



    • «Универіңді таны!» жобасы: Жатақханалар

      АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – Өміріңіздің ең әсерлі шағы – студенттік кезең болса, студенттік өмірдің қызығы – жатақхана.

      Естен кетпес хикаялар мен қайталанбас оқиғалар студенттің екінші үйіндей болып кеткен жатақхана қабырғасында өтетіні белгілі.

      Арулар ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі 7 жатақхана бар.

      Оқу орны қалашағында орналасқан жатақханалар жанға жайлы әрі қолайлы.

      Бұл – басты ерекшелігіміз.

      Онда фитнес залдары, сұлулық салондары, оқу залдары, кір жуатын бөлмелер мен ғаламтор желісіне қосылған компьютер сыныптары бар. Заманауи үлгідегі жатақханаларда студенттің алаңсыз сапалы білім алуына толыққанды жағдай жасалған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: