ҚызПУ әлемнің 70-ден астам ЖОО-мен ынтымақтастық орнатты



    • ҚызПУ әлемнің 70-ден астам ЖОО-мен ынтымақтастық орнатты

      АЛМАТЫ. 25 ақпан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті әлемнің 70-тен астам шетелдік серіктес жоғары оқу орнымен халықаралық ынтымақтастық орнатқан.

      Келісімдер студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, жетекші ғалымдардың қонақ дәрістерін, сонымен қатар шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша PhD докторанттары мен магистранттарын шақыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүргізу, докторанттар үшін ғылыми тағылымдамалар және т.б. мәселелерді қарастырады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: