«Болашақ» халықаралық бағдарламасы



    • «Болашақ» халықаралық бағдарламасы

       АЛМАТЫ. 17 ақпан. Баспасөз орталығы – «Болашақ» – Қазақстан Республикасының Президентінің білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарламасы.

      1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: