«Qazaq» газетімен бірлескен медиа жоба іске асады



    • «Qazaq» газетімен бірлескен медиа жоба іске асады

      АЛМАТЫ. 16 ақпан. Баспасөз орталығы – Заманауи педагог кадрлар даярлауға бет бұрған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өзіндік бірегейлігі мен отандық жоғары білім беру саласындағы өзіндік маңызын айшықтау мақсатында оқу орнының Баспасөз орталығы ғасырдан астам тарихы бар «Qazaq» республикалық газетімен бірлесіп «Қыздар университетімен таныс!» атты медиа жобаны қолға алды.

      Жоба авторы – ҚызПУ-дың Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, тележурналист Жандар Асан.

      Оның айтуынша, алдағы уақытта басылым мен оның сайтында Қыздар университетінің көрнекі орындары мен ұлағат ұясына айналған қарашаңырақта бүгінде атқарылып жатқан ілкімді істер жайында сериялы мақалалар сериясы жан-жақты жарық көрмек.

      Жуырда осы тақілеттес бірегей медиа жоба бірқатар республикалық телеарналарда да жалғаспақ.

      – Ақын Ғафу Қайырбековтің «Айхай шіркін, Алматыда көктемде, аппақ күміс ай сәулесін төккенде. Сол көшемен жібек толқын секілді, тамаша ғой қыздар көшіп өткенде» сынды атақты өлеңіне арқау болған кешегі Қыздар педагогикалық институты бүгінгі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің көзіқарақты қауым үшін орны бөлек, маңызы ерек.  Бұл оқу орны туралы көптеген өміршең өлеңдер жазылды, іргелі шығармалар туды. Сексен жылға жуық тарихы бар қазыналы қарашаңырақ осы жылдары білім жолын қуған, ұстаз болуды мұрат тұтқан қазақ қыздарының шамшырағына, парасат мектебіне айналды, – деп атап өтті Жандар Асан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: